Бағдарламалар мен жобалар

БІЛІМ БЕРУ

Мұнда сіз Қордың білім беру саласындағы бағдарламалары мен жобалары туралы біле аласыз


QH Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту

Еліміздің ең мықты мектептерімен тығыз әріптестікте ауылдық тірек мектептерді дамыту тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауыл мектептерін материалдық-техникалық жарақтандыру және педагогтердің кәсіби дамуына тең жағдай жасау есебінен аумақтық және әлеуметтік-экономикалық белгілер бойынша білім беру сапасындағы алшақтықты қысқартуға жәрдемдесу.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Өңірлердегі 79 ауылдық мектеп (ҚР Білім министрлігінің келісімі бойынша)

Білім БЕРУ
  • Басталуы: 2022
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 19 728 099 000 теңге


QH Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту 2 кезең

Еліміздің ең мықты мектептерімен тығыз әріптестікте ауылдық тірек мектептерді дамыту тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауыл мектептерін материалдық-техникалық жарақтандыру және педагогтердің кәсіби дамуына тең жағдай жасау есебінен аумақтық және әлеуметтік-экономикалық белгілер бойынша білім беру сапасындағы алшақтықты қысқартуға жәрдемдесу.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Ауылдық жерлерде, моноқалаларда 56 мектеп (ҚР Білім министрлігінің келісімі бойынша)

Білім БЕРУ
  • Басталуы: 2024
  • Күйі: орындалуда

  • Бюджет: 14 425 133 000 теңге


QH Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту 3 кезең

Еліміздің ең мықты мектептерімен тығыз әріптестікте ауылдық тірек мектептерді дамыту тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауыл мектептерін материалдық-техникалық жарақтандыру және педагогтердің кәсіби дамуына тең жағдай жасау есебінен аумақтық және әлеуметтік-экономикалық белгілер бойынша білім беру сапасындағы алшақтықты қысқартуға жәрдемдесу.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Ауылдық жерлерде, моноқалаларда 51 мектеп (ҚР Білім министрлігінің келісімі бойынша)

Білім БЕРУ
  • Басталуы: 2025
  • Күйі: орындалуда

  • Бюджет: 13 175 133 000 теңге


Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру

Бағдарламаның мақсаты: арнайы мектеп білім беру ұйымдарын қолдау және арнайы білім беру ұйымдарының материалдық–техникалық базасын нығайту бойынша білім алуға тең қолжетімділікті және олардың жеке ерекшеліктеріне, психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, барлық балалардың дамуында табысқа жету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін жүйелі көмекті ұйымдастыру.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: 99 арнайы білім беру ұйымдары, оның ішінде 2022 жылы 31 мектеп (арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми–практикалық орталығының келісімі бойынша);

Білім БЕРУ
  • Басталуы: 2022
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 2 764 000 000 теңгеге дейін

Болашақ инженерлер

Бағдарлама ауыл мектептерінің, шағын қалалар мен моноқалалар мектептерінің оқушылары үшін қосымша білім берудің қол жетімді және сапалы ортасын құруға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты: шағын қалалар мен ауылдардың кемінде 160 мектептердің, сондай-ақ моноқалалардың 27 мектебінің оқушылары үшін инженерлік құзіреттіліктер саласында қосымша білім берудің қол жетімді және сапалы ортасын құру.

Жоба келесі облыстарда жүзеге асырылады: Ақмола, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан; Ақтөбе, Жетісу; Алматы, Абай; Атырау, Шығыс Қазақстан; Жамбыл, Батыс Қазақстан; Қарағанды, Қостанай; Маңғыстау, Павлодар; Түркістан, Қызылорда.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Инженерлік құзіреттіліктерді зерделеуге қолжетімділікті алатын кем дегенде 160 аудандық мектептер мен моноқалалардың 27 мектептерінің 1-6 сынып оқушылары;

  • Қосымша біліктілік және, нәтижесінде, «тәлімгер» мәртебесін және материалдық жағдайын жақсарту мүмкіндігін алатын аудандық мектептердің мұғалімдері;

  • Педагогтардың қосымша оқу жүктемесін қамтамасыз ету және, салдары ретінде, педагогикалық кадрларды тарту мүмкіндігі алатын аудандық мектептердің директорлары.

Білім БЕРУ
  • Басталуы: 2022
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 673 200 000 теңге

«Coursera» – қазақ тілінде»

«Coursera» білім беру платформасының курстарын қазақ тіліне локализациялау, одан әрі оларды Қазақстанның адами капиталының сапасын жақсарту үшін Қазақстанның 25 жетекші өңірлік жоғары оқу орындарының студенттеріне қолжетімді ету.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Қазақстан Республикасының өңірлік жоғары оқу орындарының студенттері

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2023

  • Күйі:  іске асырылды

  • Бюджет: 2 429 591 655 теңге


QH Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту

Жобаның мақсаты: Қайырымдылық жобасының мақсаты - Ақтөбе облысының шағын жинақты мектептеріне цифрлық технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасы мен оқыту тиімділігін арттыру.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсаттық тобы: Ақтөбе облысының 134 шағын жинақты мектебінің 1-11 сынып оқушылары

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды


QH Болашақ инженерлер моноқалаларда

Бағдарламаның мақсаты: моноқалалардағы кемінде 173 мектебі оқушыларының инженерлік құзыреттілігін дамыту үшін қосымша білім берудің қолжетімді білім беру ортасын құру.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсаттық тобы: 173 мектептің 1-6 сынып оқушылары мен мұғалімдері

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды


«QН Алматы облысының мектептерінде «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу»

Педагогтердің біліктілігін арттыру, тәлімгерлік сүйемелдеу және білім беру инфрақұрылымын құру арқылы физика, химия, биология пәндері бойынша оқушылардың білім деңгейін арттыру.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: 7-11 сынып оқушылары, Алматы облысының 50 мектебінің педагогтары

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 1 542 520 740 теңге


QH Жаздық жолдама

Ауылдық жерлерден келген 5-8 сыныптағы 20 000 оқушының зияткерлік және шығармашылық дамуына ықпал ететін бағдарламамен қауіпсіз және жайлы демалысты қамтамасыз ету, сондай-ақ оларда патриоттық сезімдерді қалыптастыру, білім беру мүмкіндіктері мен перспективаларын кеңейту үшін мәдениет пен дәстүрлермен танысу.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: 5-тен 8-сыныпқа дейінгі 20 000 оқушы-бала, оқу іс-әрекетінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және мектеп өміріне белсенді қатысқан ауылдық мектептердегі оқушылар (үздік оқушылар мен лауреат-оқушылар)

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2023
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 2 089 625 736 теңге


QH Жаздық жолдама – 2024

Жобаның мақсаты – 10-14 жас аралығындағы (қоса алғанда) ауыл мектептерінен 20 000 баланың зияткерлік және шығармашылық дамуына ықпал ететін бағдарламамен қауіпсіз және жайлы демалысты қамтамасыз ету.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: оқуда, спортта, шығармашылықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, мектеп өміріне белсенді қатысатын 10-14 жас аралығындағы (қоса алғанда) ауыл мектептерінен, сондай-ақ аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік осал отбасылар санаттарынан және су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан шыққан 20 000 бала

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2024
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 2 241 941 762 теңге


QH Жаздық жолдама – 2025

Жобаның мақсаты-10-14 жас аралығындағы (қоса алғанда)ауыл балаларының зияткерлік және шығармашылық дамуына ықпал ететін бағдарламамен қауіпсіз және жайлы демалысты қамтамасыз ету

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: оқуда, спортта, шығармашылықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, мектеп өміріне белсенді қатысатын 10-14 жас аралығындағы (қоса алғанда) ауыл мектептерінен, сондай-ақ аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік осал отбасылар санаттарынан және су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан шыққан 10 000 бала

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2025

  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 1 011 046 720 теңге


QH Қарағанды облысының мектептерінде «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу

Жобаның мақсаты - мектептің оқу-тәрбие процесіне құндылыққа бағдарланған оқытуды енгізу, жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін (физика, химия, биология) оқыту сапасын арттыру, сондай-ақ инновациялық білім беру ортасын құру, педагогтердің біліктілігін арттыру және курстан кейінгі сүйемелдеу арқылы педагогтар мен мектеп әкімшілігінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: 7-11 сынып оқушылары;

  • физика, химия, биология пәндері бойынша кемінде 250 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді;

  • кемінде 860 педагог пен мектеп әкімшілігінің мүшелері құндылыққа бағдарланған оқытуды енгізу бойынша курстардан өтеді;

  • кемінде 250 педагог тәлімгерлік сүйемелдеу алады.

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2024
  • Күйі: іске асырылды

  • Бюджет: 3 548 008 642 теңге


QH Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының арнайы мектеп-интернаттары мен балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілерінің дене дамуы

Жоба балалардың дене дамуын қамтамасыз ету, денсаулығын нығайту үшін жағдай жасауға бағытталған, бейімделген дене шынықтыру сабақтарын, спорттық секциялар мен іс-шараларды тиімдірек өткізуге, арнайы мектеп-интернаттар мен балаларды қолдау орталықтарының аумағында ашық ауада бос уақытты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты: Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының арнайы мектеп-интернаттары мен балаларды қолдау орталықтарында тұратын балалардың бейімделген дене шынықтыру сабақтарын және мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру үшін жағдай жасау.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Қарағанды облысының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының 1395 тәрбиеленушісі 9 арнайы мектеп-интернаты және 125 тәрбиеленушісі;

  • Ұлытау облысы білім басқармасының «Маруа Құлұшева атындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-нің 69 тәрбиеленушісі.
БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2024
  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 618 355 876 теңге 


QH Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдарында STEM-оқытуды енгізу

Жоба қосымша білім беру жүйесінің техникалық, жаратылыстану-ғылыми және инновациялық бағыттарын дамытуға бағытталған.

Жобаның мақсаты: Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдарында балалар құратын техникалық және шығармашылық жобаларды дамыту үшін білім беру ортасын құру.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Қарағанды облысының 7 қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен педагогтары, оның ішінде Теміртау - 1, Шахтинск – 1, Саран - 2, Абай ауданы – 2, Қарқаралы ауданы - 1

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2024
  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 794 830 189 теңге


QH Қазақстан жастары үшін ЖИ және технологиялық кәсіпкерлік саласындағы озық білімге қолжетімділікті кеңейту (AI-Sana)

Жобаның мақсаты: ұлттық салалық басымдықтар мен жергілікті контекстті (Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне бейімделген оқу-әдістемелік кешен) ескере отырып, студенттердің, оқытушылар мен жас мамандардың жасанды интеллект және цифрлық кәсіпкерлік саласындағы озық халықаралық тәжірибеге тең және уақтылы қол жеткізуін қамтамасыз ету.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: ЖОО-ның 160 000 студенті, магистранттары, докторанттары

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2025

  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 480 369 857 теңге


QH Қостанай облысының шағын жинақты мектептерінің әлеуетін дамыту

Жобаның мақсаты - Қостанай облысының ШЖМ оқушыларына сапалы білім алуға қол жеткізу.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Қостанай облысының 63 шағын жинақты мектебінің 5-11 сынып оқушылары;

  • Қостанай облысының 21 тірек мектебі мен 63 шағын жинақты мектебінің педагогтары мен әкімшілігі.

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2025

  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 1 785 501 279 теңге


QH Ақмола облысының шағын жинақты мектептерінің әлеуетін дамыту

Жобаның мақсаты - Ақмола облысының ШЖМ оқушыларына сапалы білім алуға қол жеткізу.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Ақмола облысының 54 шағын жинақты мектебінің 5-11 сынып оқушылары;

  • Ақмола облысының 18 тірек мектебі мен 54 шағын жинақты мектебінің педагогтары мен әкімшілігі.

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2025

  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 1 327 745 917 теңге


QH Солтүстік Қазақстан облысының шағын жинақты мектептерінің әлеуетін дамыту

Жобаның мақсаты-цифрлық шешімдерді енгізу, педагогикалық әлеуетті дамыту және тірек мектептермен желілік өзара іс-қимылды ұйымдастыру арқылы Солтүстік Қазақстан облысының шағын жинақты мектептерінде білім беру сапасы мен оқыту тиімділігін арттыру.

  • Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы: Солтүстік Қазақстан облысының 39 шағын жинақты мектебінің 5-11 сынып оқушылары;

  • Солтүстік Қазақстан облысының 39 шағын жинақты мектебінің педагогтары мен әкімшілігі.

БІЛІМ БЕРУ
  • Басталуы: 2025

  • Күйі: орындалуда
  • Бюджет: 1 866 419 639 теңге


© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.