ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБА

QH Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту 3 кезең

Жобаның мақсаты:

Ауылдық жерлер, моноқалалар мен қала арасындағы білім беру сапасының алшақтығын қысқарту.

Жобаның міндеттері:

  1. Орта білім беру ұйымдарының қажеттіліктерін диагностикалау екі негізгі бағыт бойынша: сабақ беру, оқыту және білім беру қызметтерін ұсыну шарттары мен сапасын жақсарту үшін мектеп инфрақұрылымы.
  2. Педагогтердің кәсіби дамуында және мектепті материалдық-техникалық жарақтандыруда тең жағдайлар жасау есебінен аумақтық және әлеуметтік-экономикалық белгілер бойынша білім беру сапасындағы алшақтықты азайту.
  3. Ауылдық елді мекеннің тұрақты дамуының өсу нүктесі ретінде мектеп құру. Тірек мектептердің тәжірибесін аудан мектептеріне, оның ішінде магнитті мектептерге тарату.

Жобаның бюджеті:

Жобаның жалпы бюджеті 13 175 133 000  теңгені құрайды, оның ішінде Қордың қатысуы - 12 750 000 000  теңге


Негізі:

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру 2022 жылы 17 мектептен басталды және 2024 жылдың соңында 135 мектепті (2022 ж – 17, 2023 ж – 62, 2024 ж - 56) қамтиды.

 Жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – НЗМ) тәжірибесін еліміздің аудандары мен моноқалаларының жалпы білім беретін мектептеріне тиімді таратуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жобаны іске асырудың үш жылында 5639 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті, әдістемелік қолдау алды; педагогтар үшін 11 740 әдістемелік іс-шара өткізілді (НЗМ базасында тағылымдамалар, семинарлар, шеберлік сыныптары және т. б.); мектептерге оқушылардың оқу жетістіктерінің тәуелсіз мониторингінің 140 мыңға жуық есебі дайындалды және ұсынылды; 2390 сабаққа қатысып, психологиялық қолдау және антибуллинг бағдарламалары бойынша 500 педагог оқытылды.

Жоба шеңберінде жоспарланған әдістемелік іс – шаралардан басқа, НЗМ тірек мектептердің педагогтары үшін бірқатар қосымша іс-шаралар өткізді: 333 педагог «Ауыл мектептерінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» халықаралық конференциясының жұмысына, 200 педагог PISA-2025-ке дайындық бойынша педагогтерге арналған семинарлар мен вебинарларға қатысты. Сондай-ақ, тірек мектептердің 15 жастағы 800 оқушылары функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша тренажерге қол жеткізді, 6 сыныптың 1868 оқушысы виртуалды мектепте оқудан (НЗМ онлайн-платформасында профильдік пәндер оқу) өтті.

135 тірек мектеп үшін тәжірибе алмасу алаңдары құрылды. «Ауыл мектебі: жаңа мүмкіндіктер әлемі» педагогтарының нетворкингі (405 педагог қатысты), «Кәсіби ұстаз» онлайн шеберлік сыныптары (600 педагог), «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жас педагогтарына арналған алаң (480 педагог).

Жоба тірек мектептердің инфрақұрылымын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді, оны заманауи және білім беру стандарттарына сәйкес етті. Оқушылардың практикалық дағдыларды игеруі үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді. Тірек мектептердегі сабақтар заманауи жабдықты қолданудың арқасында қызықты әрі интерактивті бола бастады, бұл материалды жақсы меңгеруге ықпал етеді. Мамандандырылған кабинеттер оқушыларға теорияны оқып қана қоймай, оны іс жүзінде белсенді қолдануға мүмкіндік бере отырып, білім беру процесінің маңызды бөлігіне айналды. Бұл тәсіл оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына, инженерия мен технологияларға деген қызығушылығын оятады, сонымен қатар болашақ табысты кәсіби қызметке дайындалуға көмектеседі.

Барлығы «Қазақстан халқына» ҚҚ қаражаты есебінен 135 мектепте жалпы сомасы 33 501 572 230,67 теңгеге материалдық-техникалық база жаңғыртылды. Жобаға қатысқа мектептерде 5 224 кабинет, оның ішінде 3 597 оқу кабинеті, 528 – қосымша білім беру кабинеті, 531 – қосалқы үй-жай, 568 ортақ пайдаланылатын аймақтар, рекреациялар жабдықталған.

Өз кезегінде «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» ҚҚ жобаның әкімшілік және операциялық шығыстарын қаржыландырды.

Сондай-ақ, жоба аясында қосымша білім беруді дамыту үшін жағдайлар жасалған. ART-студиялар, STEM-зертханалар, Intellectum кабинеттері, экология, домбыра, өнер, қыш жасау кабинеттері, ритмика, ЖҚЕ, робототехника, шахмат, дебат-орталықтар, FabLab шеберханалары, телестудиялар жабдықталды. Бұл 4,5 мыңнан астам оқушы қатысатын 203 жаңа секция мен үйірме ашуға мүмкіндік берді.

Жоба тірек мектептердің позициясын нығайтты, олар өз өңірлерінде үздік білім беру практикаларын тарату орталықтарына, соның ішінде магнитті мектептер үшін айналды.

135 тірек мектебіне 493 магнитті мектеп бекітілген. Тірек мектептер магнитті мектептермен бірлесіп жеке жұмыс жоспарларын әзірлейді, педагогтар үшін онлайн-сабақтар, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады, сондай-ақ зертханаларды, робототехника кабинеттерін және басқа да білім беру ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға және магнитті мектеп оқушыларының оқу жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Тірек мектептер ұйымдастыратын заманауи зертханалар мен шеберханалардағы сессиялық сабақтар магнитті мектептерде білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу және тірек мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту есебінен сапалы білім беру ортасын құру балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыруға ықпал етеді. Білімнің сыртқы мониторингінің нәтижелері, мектеп оқушылары мен педагогтарының жетістіктері бұған айғақ.

79 ауылдық мектепте өткізілген оқушылардың біліміне сыртқы мониторинг нәтижелері бойынша 4-сынып оқушыларының білім сапасы 16,4%-ға, 8-сынып оқушыларының білім сапасы 7,5%-ға өскен (2024 жылғы 56 мектеп бойынша нәтижелер 2025 жылғы маусымда болады).

Тірек мектептердің педагогтары кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері; оқушылар – пәндік олимпиадалардың, зерттеу және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Тірек мектептердің 37 педагогы Республикалық педагогикалық конкурстардың жүлдегерлері атанды, 219 оқушы республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері атанды, 19 оқушы конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу үшін «Өркен» білім беру грантының иегерлері атанды (2023 ж. – 1, 2024 ж. – 17 оқушы), 3 мұғалім «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының ТОП-50 ақтықсынға қатысушылар қатарына кірді.

4 тірек мектеп (Қобда қазақ орта мектебі, Ақтөбе облысы; А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия, Қостанай облысы; №1 Марқакөл орта мектебі, Шығыс Қазақстан облысы; Абай атындағы орта мектеп, Шығыс Қазақстан облысы) «Орта білім берудің үздік ұйымы» байқауының жеңімпаздары деп танылды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінен «ТИІМДІ АУЫЛ МЕКТЕБІ» атағын Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының «Абай атындағы орта мектебі» КММ алды.

2024 жылы «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» ҚҚ жобасының бастамашысы және операторы «Білім беру сапасын арттыру үшін ауыл мектептерін қолдау тетіктері» (ISBN 978-601-348-575-1) әдістемелік ұсынымдар дайындады.

Сондай-ақ, жаңа жабдықты пайдалану үшін әдістемелік базаны дайындау «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» ҚҚ жұмысының маңызды бағыты болды. Жарақтандыру бойынша серіктестермен бірлесіп педагогтерге қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді оқу материалдары мен нұсқаулықтарды жинау және бейімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл мұғалімдерге жабдықпен жұмыс істеу бойынша ұсынымдар алуға мүмкіндік берді, бұл жабдықтың білім беру процесіне интеграциясын едәуір жеделдетеді.

Осылайша, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы теңгерімсіздікті жоюдағы және ауылдық жерлер мен моноқалалардың оқушыларына сапалы білім берудегі негізгі қадамдардың бірі болды.

     2022-2024 жылдары жобаны іске асырудың оң әсерін ескере отырып, ауылдық жерлерде және моноқалаларда орналасқан 51 мектепте «QH ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту (3-кезең)» қайырымдылық жобасын іске асыру туралы шешім қабылданды.


Өзектілігі:

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің деректеріне сәйкес жалпы ел бойынша 6879 мемлекеттік мектептің 73%-ы (5026) ауылдық мектептер, оның 53%-ы (2654) шағын жинақты мектептер болып табылады. Әрбір екінші ауыл мектебі шағын жинақты мектеп болып табылады. Ауылдық мектептерде мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 40%-ы оқиды

Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтық PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижелерімен расталады. PISA-2022 нәтижелеріне сәйкес математикалық сауаттылық бойынша алшақтық 18 балды, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша — 26 балды, оқу сауаттылығы бойынша — 37 балды құрайды.

Ауылдық білім беруді қолдау және дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар көрсеткіштердің шамалы жақсарғанын көрсетеді. Мәселен, PISA-2018-дегі «Математикалық сауаттылық» бойынша қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтық 22 балды құрады. PISA-2022-де бұл алшақтық 18 балға дейін қысқарды, яғни 4 балға азайған. PISA-2018-де «Оқу сауаттылығы» бойынша білім сапасының айырмашылығы 37 балды құрады. PISA-2022-де алшақтық сол 37 балл деңгейінде қалды. PISA-2018-де «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» бойынша алшақтық 31 балды құрады, ал PISA-2022-де ол 26 балға дейін қысқарды, бұл айырмашылықтың 5 балға азайғанын білдіреді.

Ауылдық мектептердің дамуына жүйелі, кешенді, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту арқылы сапалы білім беру ортасын құрудың арқасында «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы елеулі үлес қосуда.

2024 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысы, Хромтау қаласының тірек мектебінде болды. Бұл сапар мемлекеттік саясаттың басымдығы ретінде ауылдық білім беруді жаңғыртудың стратегиялық маңыздылығын көрсетті. Президент білім беру процесімен, соның ішінде цифрлық технологияларды қолданумен жеке танысты және бірнеше ауылдық мектептердің оқушыларын онлайн-платформа арқылы біріктіретін ашық сабаққа қатысты.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты жою үшін инновациялық шешімдерді енгізудің маңыздылығын, сондай-ақ шағын жинақты мектеп педагогтары арасында белсенді тәжірибе алмасу қажеттігін атап өтті. Оқытудың жаңа тәсілінің негізгі элементіне айналған мектеп зертханаларының жұмысына ерекше назар аударылды.

Президенттің сапары тірек мектептер жобасының жоғары бағасын және оның Қазақстанның ауылдық өңірлерінің білім беру әлеуетін дамытудағы рөлін растады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қалалық және ауылдық мектептердің оқушылары арасындағы білім сапасының айқын алшақтығын атап өтіп, тірек мектептер құру бұл теңгерімсіздікті жою үшін маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.

Ауыл мектептерінің педагогтарына арналған онлайн-олимпиадалар.

Кәсіби өсуге деген ынтаны арттыру үшін алған білімдерін тексеру мақсатында НЗМ Тәжірибені тарату департаменті жоба мектептерінің педагогтері үшін: аналитика және педагогикалық технологиялар бойынша екі онлайн-олимпиада ұйымдастырып, өткізді.

Аналитика бойынша олимпиада нәтижелері:

1-орын – Маяковский атындағы ОМ (Қалбатау ауылы, Жарма ауданы, Абай облысы); 2-орын – Бестамақ ОМ (Бестамақ ауылы, Алға ауданы, Ақтөбе облысы); 3-орын – Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия (Ақсу-Аюлы ауылы, Шет ауданы, Қарағанды облысы).

Педагогикалық технологиялар бойынша олимпиаданың нәтижелері:

1-орын – Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия (Ақсу-Аюлы ауылы, Шет ауданы, Қарағанды облысы); 2-орын – Ақсай қаласының №5 ЖББМ (Бөрлі ауданы, Батыс Қазақстан облысы); 3-орын – Абай атындағы мектеп-лицей (Жітіқара қаласы, Жітіқара ауданы, Қостанай облысы).

Осы олимпиадалардың әрқайсысы педагогтерге өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетуге арналған платформа ұсынды, олардың талдамалық және педагогикалық дағдыларын дамытуға ықпал етті.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ виртуалды мектебі

Педагогтармен жұмыс жасаумен қатар, 62 тірек мектептен 6 сыныптың 1 868 оқушысы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ виртуалды мектебінде оқыды.

Виртуалды мектепте оқуды аяқтағаннан кейін ауылдық тірек мектептерінің барлық оқушылары материалды бекіту үшін тест тапсырып және қорытынды онлайн-тестілеуден өтті. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу үшін 8 өңірден 19 оқушыға «Өркен» білім беру грантын беру ауыл оқушыларының виртуалды мектепке қатысу нәтижелерінің бірі болды. Өткен 2023 жылы осы грантты бар болғаны 1 оқушы қыз ғана алған болатын.

Осылайша, жобаның 3 жылдағы нәтижелері өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін және одан әрі іске асыру қажеттілігін көрсетеді.


Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:

Ауылдық жерлерде, моноқалаларда 51 мектеп (ҚР Білім министрлігінің келісімі бойынша)


Күтілетін нәтижелер:

  1. Материалдық-техникалық базаны жаңарту (жаңғырту) арқылы 51 мектепте білім беру инфрақұрылымын құру. Жобаға қатысатын мектептер физика, химия, зертханалары бар биология пәндері бойынша заманауи модификация кабинеттерін, мектепалды даярлық кабинеттерін, логопед/психолог/дефектолог, робототехника кабинеттерін және т.б. алады.
  1. Біліктілікті арттыру курстары, әдістемелік сүйемелдеу (облыстық НЗМ базасында тағылымдама, семинарлар, шеберлік сыныптары және т.б.) арқылы мектеп басшылары мен педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
  2. Әр ауданда, моноқалада өңірдегі басқа мектептер, соның ішінде магнитті мектептер үшін үздік білім беру практикаларын тарату орталығы ретінде тірек мектептер құру.

Мерзімдері мен кезеңдері:

Жобаны іске асыру кезеңі: 2025 - 2027 жылдары Қазақстан Республикасының 15 облысында (3-кезеңге Ақтөбе және Маңғыстау облыстары қатыспайды)

Жобаны іске асыру бойынша серіктестер

  • Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
  • «Білім беруді тұрақты дамыту Қоры» ҚҚ
  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
  • Облыс әкімдіктері (ББ)
  • AITAS холдингі
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.