Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын қолдау және білім алуға тең қолжетімділікті және олардың жеке ерекшеліктеріне, психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, барлық балалардың дамуында табысқа жету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін арнайы білім беру ұйымдарының материалдық–техникалық базасын нығайту бойынша жүйелі көмекті ұйымдастыру.
«Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру» қайырымдылық бағдарламасы жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылатын арнайы ұйымдарды қолдауға бағытталған. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2022-2024 жылдар аралығында 99 арнайы мектеп ұйымдарының материалдық–техникалық базасын жақсарту жоспарлануда.
Ағымдағы 2022 жылы Бағдарлама шеңберінде негізінен елдің ауылдық жерлерінде, шағын және моноқалаларында орналасқан 31 арнайы білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру көзделген. Сондай-ақ, бағдарлама Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми–практикалық орталығын жарақтандыруға өтінімді қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске асыру арнайы мектеп ұйымдарын оқу, оңалту және түзету жабдықтарымен материалдық–техникалық жарақтандыруды жақсартуға, сондай-ақ оларды қоғамдағы білім беру және шығармашылық процестер мен әлеуметтенуге белсенді тарта отырып, ерекше балаларды оқыту мен дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама 3 жылға есептелген және 2024 жылға қарай еліміздің барлық 99 арнайы мектеп ұйымдары қамтылатын болады. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы білім беру ұйымдарын материалдық–техникалық жарақтандыру мәселелерін қалдық қағидат бойынша қаржыландыра отырып, әлсіз шешеді. Бұл ұйымдарда заманауи және ыңғайлы жиһаздармен, жаңа технологиялармен, интерактивті оқыту құралдарымен, оқу құралдарымен, оңалту және түзету жабдықтарымен қамтамасыз етудің өте төмен пайызы бар. Оларда тартымды білім беру және тәрбиелеу ортасы құрылмайды. Осы бағдарлама жергілікті атқарушы органдарға ерекше қажеттіліктері бар балаларды қандай жағдайда оқыту және тәрбиелеу керектігін көрсете алады, олардың назарын осы саладағы бар проблемаларға аудара алады.
- 99 арнайы білім беру ұйымы, оның ішінде 2022 жылы 31 мектеп (арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми–практикалық орталығының келісімі бойынша);
– «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ
Бағдарламаның басталуы – 2022 жылғы тамыз
Бағдарламаның аяқталуы – 2024 жылғы желтоқсан
Бағдарлама еліміздің келесі өңірлерінде және Республикалық маңызы бар қалаларда іске асырылады:
1) Астана қаласы – 3 мектеп;
2) Абай облысы - 5 мектеп;
3) Алматы облысы – 3 мектеп;
4) Ақмола облысы – 5 мектеп;
5) Ақтөбе облысы – 4 мектеп;
6) Атырау облысы – 3 мектеп;
7) ШҚО – 8 мектеп;
8) Жамбыл облысы – 4 мектеп;
9) Жетісу облысы – 4 мектеп;
10) БҚО – 3 мектеп;
11) Қарағанды облысы – 10 мектеп;
12) Қызылорда облысы – 3 мектеп;
13) Қостанай облысы – 6 мектеп;
14) Маңғыстау облысы – 4 мектеп;
15) Павлодар облысы – 7 мектеп;
16) СҚО – 7 мектеп;
17) Түркістан облысы – 7 мектеп;
18) Шымкент – 5 мектеп;
19) Алматы – 8 мектеп, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми–практикалық орталығы» РММ.
Қазақстан Республикасының оқу жабдықтарын өндірушілер мен жеткізушілер қауымдастығы (бұдан әрі – Қауымдастық) болып табылатын «Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру» қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде жеткізу операторы коммерциялық ұсыныстарды жинау үшін әртүрлі жабдықтар мен жиһаздарды өндіруді және жеткізуді жүзеге асыратын Қазақстан мен Ресей компанияларына сұрау салулар жолдады.
Компанияларға сұраныстарда келесі талаптар болды: өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына сәйкестігі туралы сертификаттардың көшірмесін ұсыну, авторлық әзірлемелерді растау, өнімнің сипаттамалары мен нақты фотосуреттері және т. б. Қауымдастық конкурстық іріктеу жүргізіп, арнайы мектеп ұйымдарына жабдықтар мен жиһаздарды жеткізуге шарттар жасалатын жеңімпаз компанияларды анықтады.
Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша 97 лот бойынша Ресей мен Қазақстаннан өндіруші компаниялар таңдалды. Осы компаниялармен арнайы мектеп ұйымдарына жабдықтар мен жиһаздарды жеткізу туралы шарттарға қол қойылды.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2022-2023 жылдар аралығында Қор қаражаты есебінен 98 арнайы мектеп пен «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми–практикалық орталығы» РММ (Алматы) жалпы сомасы 2 700 000 000 теңгеден астам оқу, оңалту және түзету жабдықтары мен жиһаздарын алды.
Жалпы, көрсетілетін қызметтердің сапасы артты, өйткені жаңа жабдықпен мүгедектігі бар балалармен оңалту және түзету жұмыстары үшін көбірек мүмкіндіктер бар. Арнаулы мектептердің педагогтары білім беру функцияларын неғұрлым сапалы орындау үшін қажетті құралдар жинағын алды, ал тәрбиеленушілер-білімді неғұрлым қызықты әрі қолжетімді меңгеру, әлеуметтену және даму мүмкіндігін алды.
Арнайы мектеп ұйымдарына жабдықтарды жеткізу аяқталғаннан кейін Қауымдастықтың Оқу орталығы мектеп педагогтерін оқу және интерактивті жабдықтарды пайдалану дағдыларына үйрету бойынша 3 күндік курстар өткізуге міндеттеме алады.
2 жыл ішінде бағдарламамен 98 ұйым, 14 642 бала, 4700 педагог қамтылды (2022 ж. - 31 мектеп, 3 400 бала, 1 100 педагог; 2023 ж. – 66 мектеп, 11 242 бала, 3 600 педагог).
Бағдарламамен 1 кезеңде «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми–практикалық орталығы» РММ (Алматы) және 750 млн теңгеден астам сомаға 31 арнайы мектеп ұйымдары жарақтандырылды: