ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБА

QH Ақмола облысының шағын жинақты мектептерінің әлеуетін дамыту

Жобаның мақсаты:

Ақмола облысы ШЖМ оқушыларына сапалы білім алуға қолжетімділік беру.

Жобаның міндеттері:

  1. ШЖМ оқушыларын негізгі пәндер бойынша (математика, физика, химия, биология, география, информатика, ағылшын тілі) 5-11 сыныптарда онлайн-офлайн оқытуды ұйымдастыру.
  2. Мектеп мұғалімдерінің, басшыларының және директор орынбасарларының біліктілігін арттыру.
  3. Оқушылардың бойында азаматтық және моральдық құндылықтарды қалыптастыратын құндылыққа бағдарланған білім беруді енгізу арқылы ШЖМ тәрбие жұмысын дамыту.
  4. Физика, химия, биология, математика, география, ағылшын тілі және информатика пәндері бойынша ШЖМ педагогтарына менторлық қолдау көрсету.
  5. Мектептерді цифрлық кабинеттермен, ғылым кабинеттерімен немесе әмбебап кабинеттермен қамтамасыз ету.
  6. Интернет-инфрақұрылымды жақсарту: 10 тірек мектепте және 3 магнитті мектепте интернет жылдамдығын 100 Мбит/с дейін, 18 магнитті мектепте 50 Мбит/с дейін арттыру.
  7. Кабинеттерге жөндеу жүргізу, оқу процесі үшін қолайлы жағдайлар жасау және онлайн-сабақтар мен зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін кабинеттерді жарақтандыру.
  8. Педагогтер мен оқушыларды кіріс және қорытынды тестілеу арқылы жобаны іске асырудың табыстылығына бағалау жүргізу.

Жобаның бюджеті:

Жобаның болжамды шығыстарының жалпы сметасы 1 327 745 917 теңгені құрайды. Қордың қатысуы жалпы сомасы 1 037 973 617 теңгеге 54 шағын жинақты мектепті жарақтандыру бөлігінде көзделген


Негізі:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтарға білімге тең қол жеткізетініне кепілдік береді. Шағын жинақты мектептер (бұдан әрі - ШЖМ) жалпы орта білім беру жүйесінің бөлігі ретінде айқындалған және заңда оларды қолдау қажеттігі атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде мектептерді қоса алғанда, ауылдарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылды. Педагогтерді тарту үшін тұрғын үй беру және жалақыға үстемеақы беру сияқты қолдау шаралары қарастырылған. Бұл білім беру қызметтерінің жалпы деңгейін арттыра отырып, жас мамандарды ауылдық жерлерде жұмыс істеуге қосымша ынталандырады.

Жалпы алғанда, ұлттық білім доктринасы сапалы білім барлық азаматтар үшін қол жетімді болуы керек деп тұжырымдайды. ШЖМ, әсіресе ауылдық жерлерде білім алу мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады.

Осылайша, ШЖМ дамыту – бұл елдің болашағына әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамытуға әсер ететін стратегиялық инвестиция. Шағын жинақты мектепте оқыту сапасын арттыру - бұл жүйелі тәсілді қажет ететін кешенді міндет.

Шағын жинақты мектептерді (бұдан әрі – ШЖМ) дамыту үшін 2023-2024 жылдары «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық қайырымдылық жобасы іске асырылды, ол 12 тірек және 134 ШЖМ қамтыды. Жобаға 11 мыңнан астам білім алушы мен 3,5 мыңға жуық педагог қатысты.

Жобада барлығы 12 серіктес болды (ҚР Оқу-ағарту министрлігі және ведомствоға бағынысты ұйымдар, «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» ҚҚ, білім беру платформаларының иелері, Ақтөбе облысының әкімдігі және т.б.), олардың әрқайсысы оны іске асыруға үлес қосты. «Қазақстан халқына» ҚҚ қаражаты есебінен жалпы сомасы 1 819 023 136 теңгеге 134 ШЖМ жарақтандырылды.

Жобаны іске асыру барысында оқу процесін ұйымдастырудың 4 моделі сыналды, 12 мың онлайн-сабақ өткізілді.

Жоба нәтижелері, сыртқы мониторинг, педагогтердің пікірлері төрт модельдің ішіндегі - ШЖМ-де сабақты цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, тірек мектеп мұғалімі жүргізетін екінші модель ең тиімдісі екенін растады.

Пилоттық жобаның қорытындылары 2024 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О. Бектеновтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында қаралды.

Премьер-министр жобаның қорытындыларын оң бағалап, Ақтөбе облысының тәжірибесі бойынша ШЖМ әлеуетін арттыру бойынша жобаны масштабтауды қамтамасыз етуді тапсырды (2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 40 хаттамалық тапсырма).

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ақтөбе облысының тәжірибесі бойынша тірек және шағын жинақты мектептердің әлеуетін арттыру жөніндегі жобаны масштабтау жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып белгіленді. Министрлік үйлестіруші ретінде даму стратегиясын іске асыруды және ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады. Жобаны масштабтау 2024-2026 жылдары іске асырылады.

«Қазақстан халқына» ҚҚ Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары сияқты ШЖМ саны көп облыстарда жобаны масштабтауға қатысуды жоспарлап отыр.

Мәселен, Ақмола облысында барлығы 528 мектеп бар, оның ішінде 435 немесе 82,3% ауылдық, оның ішінде 324 немесе 64,4% ШЖМ, бұл өңірді осы көрсеткіш бойынша көшбасшылардың біріне айналдырады.

Білікті педагогтардың тапшылығы ШЖМ үшін өткір проблема болып табылады. Бұл сыныптарды біріктіру қажеттілігіне әкелетін оқушылардың аздығына байланысты болып отыр. Сондай-ақ ШЖМ-ге материалдық-техникалық базаның әлсіздігі, тиісті инфрақұрылымның жоқтығы тән.

«Jelken Foundation» ҚҚ және «Білім-Инновация» ХҚҚ Ақмола облысындағы ағымдағы жағдайды зерделеп, сондай-ақ Ақтөбе облысының цифрлық технологияларды пайдалана отырып ШЖМ әлеуетін дамыту жөніндегі тәжірибесін ескере отырып, Ақмола облысының ШЖМ-де білім беру сапасын арттыру жөнінде ұсыныс енгізді.

Сонымен, оқушылардың сапалы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін 5-11 сынып оқушыларына математика, физика, химия, биология, география, информатика және ағылшын тілі пәндері бойынша онлайн-офлайн оқыту ұсынылды.

Жоба кешенді болып табылады, педагогтерді оқытуды, менторлық сүйемелдеуді, инфрақұрылым құруды, оқу жабдықтарымен жарақтандыруды көздейді.

Ақмола облысының Білім басқармасы қаржыландыру бөлді, мемлекеттік сатып алулар жүргізді, оның қорытындысы бойынша физика, химия, биология, математика, информатика, жасанды интеллект, география, ағылшын тілі, ХХІ ғасырдағы оқыту негіздері, медиа және ақпараттық сауаттылық, құндылыққа бағдарланған білім, орта білім берудегі менеджмент бағыттары бойынша 18 тірек және 54 магнитті мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасасты. «Білім-Инновация» ХҚҚ ҚР Оқу-ағарту министрлігі келіскен білім беру бағдарламаларының тізбесіне кіретін осы курстардың білім беру бағдарламаларын әзірлеуші болып табылады.

Бұдан басқа, облыстың Білім басқармасы онлайн оқытуды ұйымдастыру үшін жеткілікті интернет жылдамдығын қамтамасыз етеді: тірек мектептерде – кемінде 100 Мбит/с, магнитті мектептерде – кемінде 50 Мбит/с. Сондай-ақ мектептерді кабинеттермен жарақтандыру басталғанға дейін үй-жайларды жөндеу және дайындау жүргізіледі.

«Қазақстан халқына» ҚҚ 54 шағын жинақты мектепте кабинеттерді жарақтандыру бөлігінде қайырымдылық көмек көрсетіп жатыр. Бұл ретте 80-нен астам оқушысы бар 23 мектепте 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24 және 26 оқушыға шақталған екі кабинеттен – цифрлық кабинет (информатика, робототехника) және ғылым кабинеті (физика, химия, биология, география, математика), 80-нен кем оқушысы бар 31 мектепте 4, 6, 8, 10 және 12 оқушыға шақталған - цифрлық кабинет пен ғылым кабинетінің мүмкіндіктерін біріктіретін бір әмбебап кабинет.

«Білім-Инновация» ХҚҚ жүзеге асыратын педагогтерді менторлық сүйемелдеуінің арқасында оқытудың жаңа әдістемелерін игеруге, заманауи технологияларды енгізуге және оқыту сапасын арттыруға қолдау көрсетілетін болады. Менторлар педагогтарға оқыту сапасын арттыруға, білім беру процесіне зертханалық жұмыстарды (мүмкін болатын пәндерде) тиімді енгізуге және сабақтарда жаңа технологияларды пайдалануға көмектеседі.


Өзектілігі:

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің деректеріне сәйкес жалпы ел бойынша 6879 мемлекеттік мектептің 73%-ы (5026) ауылдық мектептер, оның 53%-ы (2654) шағын жинақты мектептер болып табылады. Әрбір екінші ауыл мектебі шағын жинақты мектеп болып табылады. Ауылдық мектептерде мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 40%-ы оқиды.

Ақмола облысының ШЖМ тап болған проблемалар.

Ақмола облысында ШЖМ бірқатар проблемаларға тап болуда, олардың ішінде білім беру сапасының төмендігі, білікті педагогтардың тапшылығы, олардың кәсіби дамуына жеткіліксіз көңіл бөлу және материалдық-техникалық базаның әлсіздігі.

Кадр тапшылығы және педагогтар біліктілігінің төмендігі.

Бұл проблемалар оқушылардың шағын контингенті, параллель сыныптардың болмауы және біріктірілген сынып-жинақтарының болуы мұғалімдерге жүктеменің төмендеуіне әкеліп соқтыратынымен байланысты және ауыл мектебіне білікті кадрларды тартуға мүмкіндік бермейді.

Ақмола облысының ШЖМ-де 6041 педагог жұмыс істейді, оның 560 педагог қоса атқарушы болып табылады. Олардың ішінде 31 (0,51%) адам ескі форматтағы санатқа, 36 (0,59%) – педагог-тағылымдамадан өтуші, 960 (16%) – педагог, 2033 (33,6%) – педагог-модератор, 1598 (26,4%) – педагог-сарапшы, 439 (7,2%) – педагог-зерттеуші және 4 (0,06%) – педагог-шебер санатына ие. Санатсыз – 940 (15,5%) педагог.

Олардың 903 педагогі 18 тірек мектепте, ал 1034 педагогі 54 магнитті мектепте жұмыс істейді. Тірек мектептерде педагогтардың 0,2%-ы педагог-шебер, 16,7%-ы педагог-зерттеуші, 29%-ы педагог-сарапшы, 33,2%-ы педагог-модератор, ал 21,1%-ы педагог пен тағылымдамадан өтуші-педагог санатына ие.

Магнитті мектептерде көрсеткіштер былай бөлінеді: педагог-шебер санатында бірде-бір педагог жоқ, 7,2%-ы педагог-зерттеушілер, 26,7%-ы педагог-сарапшылар, 33,7%-ы педагог-модераторлар, ал 32,4%-ы педагог пен педагог-тағылымдамашылар.

Бұл нәтижелер педагогтардың біліктілігін арттыруға, әсіресе нақты ғылымдар мен ақпараттық технологияларға үлкен күш салу қажеттілігін растайды. Жоба аясында қашықтан оқытудың педагогикалық технологиялары мен әдістерін жетілдіруге ғана емес, сонымен қатар педагогтердің пәндік білімін тереңдетуге бағытталған біліктілікті арттыру курстары ұсынылады.

Жоба шеңберіндегі курстардың бағдарламалары өңірдің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, ББЖМ-2023 және PISA-2022-де анықталған ағымдағы проблемаларды талдау негізінде, сондай-ақ ШЖМ-де оқыту сапасын арттыруға баса назар аудара отырып жасалды. Оқыту химия, физика, математика, ағылшын тілі, биология, информатика және география, медиа сауаттылық, жасанды интеллект және оқыту негіздері бойынша 10 біліктілікті арттыру курсын қамтиды. Бұл педагогтерге күрделі және маңызды тақырыптарды қамти отырып, әр пән бойынша пәндік құзыреттілігі мен білімін арттыруға, сондай-ақ технологияларды пайдалану дағдыларын жақсартуға және онлайн оқытуды үйренуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде, оқыту мен онлайн-сабақтарды енгізудің арқасында оқушылар білікті педагогтарда оқуға қол жеткізе алады, бұл әсіресе шалғайдағы мектептер мен ШЖМ-де білім беру сапасын айтарлықтай жақсартады. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оқытудың заманауи әдістерін енгізу оқу пәндерін сәтті меңгеруге жағдай жасайды және білімдегі олқылықтарды жоюға көмектеседі, бұл өз кезегінде оқушылардың үлгерімін жақсартуға ықпал етеді. Бұл шешім білім беру мүмкіндіктеріндегі теңсіздіктерді жоюға және жалпы академиялық үлгерімін арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ, жоба аясында ШЖМ басшылары мен басшылар орынбасарларының біліктілігін арттыру үшін білім беру бағдарламасы көзделген. Бұл олардың басқару дағдыларын жақсартады және оқу орындарының жалпы тиімділігін арттырады.

Тәрбие процесін жүйелейтін, ұжымдық ынтымақтастық ортасын қалыптастыруға және мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстанатын жоғары адамгершілік тұлғаларды тәрбиелеуге ықпал ететін «құндылыққа бағдарланған оқыту» жүйесін енгізу жобаның маңызды компоненті болып табылады. Бұл өз кезегінде оқушыларға жағымды әсер етеді және олардың жеке және академиялық үлгеріміне ықпал етеді.

     Оқушылардың төмен нәтижелері.

     Ұлттық тестілеу нәтижелері Ақмола облысының ШЖМ білім беру жүйесінің тиімділігі жеткіліксіз екенін растайды.

ББЖМ-2023 (Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі):

     Білім алушылардың білім беру жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) Қазақстандағы білім беру сапасын бағалау және жақсарту үшін маңызды құрал болып табылады. ББЖМ жыл сайын өткізіледі және математика, қазақ (орыс) тілі, табиғаттану және оқу сауаттылығы сияқты пәндер бойынша 4 және 9-сынып оқушыларын қамтиды. 2023 жылы Ақмола облысындағы нәтижелер өткен жылдармен салыстырғанда біршама төмендеді.

4-сынып

2023 жылы 4-сыныптың нәтижелері орташа балл 30-дан 15,88-ті құрағанын көрсетті. Бұл мән Қазақстан бойынша 16,87 балды құраған орташа деңгейден төмен. Мұндай нәтижелер мынадай проблемаларды айғақтайды:

     Математика: Оқушылар қосу, азайту, көбейту және бөлу сияқты негізгі математикалық ұғымдарды меңгеруде қиналуда. Бұл сонымен қатар логикалық ойлауды қажет ететін тапсырмаларды шешуге дайындықтың жеткіліксіздігін айғақтауы мүмкін.

Оқу және сауаттылық: Оқу және сауаттылық балдары да төмен болып қалуда, бұл мәтінді түсіну, маңызды ақпаратты бөліп алу және оны түсіндіру дағдыларының жетіспеушілігін растайды. Оқушылар мәтіннің әртүрлі бөліктерінде жасырылған егжей-тегжейлерді табуды, мәтіннің мазмұны мен формасын бағалауды, ақпаратты сипаттау және салыстыру үшін қорытынды жасауды қажет ететін қиындау тапсырмаларды орындау кезінде қиналады.

Жаратылыстану сауаттылығы: Табиғат пен жануарлар әлемі туралы негізгі білімді меңгеруде де проблемалар анықталды. Табиғаттану сауаттылығы оқушыларға қоршаған ортаны және оның процестерін түсінуге көмектесетін табиғат, экология, биология және физика негіздері туралы білімді қамтиды.

9-сынып

ББЖМ-2023 мониторингінде 9-сыныптың нәтижелері 75-тен 29,59 балды құрады, бұл нәтижесі 75-тен 36,8 балды құраған республикалық деңгейден тағы да төмен болып шықты. Бұл нәтижелер орта мектеп оқушыларының алгебра, геометрия және жаратылыстану ғылымдары сияқты күрделі пәндерді меңгеруде қиналатынын көрсетеді:

     Математика: Оқушылар алгебра, геометрия және аналитикалық тәсілді қажет ететін есептерді шешудің қиындау тақырыптарында айтарлықтай проблемаларға тап болуда. 9-сыныптардағы математикадан орташа балл, әдетте, неғұрлым күрделі ұғымдарға байланысты төмен болады, бұл тереңірек деңгейде оқытудың қажеттілігін растайды.

     Жаратылыстану (биология, физика, география, химия) сауаттылығы: Пәндер бойынша нәтижелер төмен болып шықты, бұл практикалық дағдылар мен табиғи процестерді терең түсінудің жоқтығын көрсетеді. Физика заңдары, химиялық реакциялар және биологиялық процестер сияқты тақырыптарды меңгерудегі проблемалар зертханалық жұмыстардың жеткіліксіздігімен және ескірген оқу материалдарын қолданумен байланысты.

     Оқу және сауаттылық: орта мектептегі сауаттылық деңгейі әдетте жоғары болғанымен, 9-сыныптарда нәтижелер орташадан төмен болып шықты, бұл мәтіндерді талдау мәселелерін және жазбаша мен ауызша сөйлеу практикасының жеткіліксіздігін растайды.

ББЖМ-2023 нәтижелері Ақмола облысының оқушыларын оқытудағы бірнеше негізгі проблемаларды көрсетеді:

     Математикалық және жаратылыстану білімінің негіздерімен проблемалар: 4-сыныптарда негізгі математикалық ұғымдармен, ал 9-сыныптарда қиындау математикалық және жаратылыстану тапсырмаларымен қиындықтар байқалады.

     Мәтінмен және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларының жетіспеушілігі: оқу және сауаттылық нәтижелері оқушылардың мәтіннен маңызды ақпаратты бөліп алуда, оны тұжырымдау үшін түсіндіруде, ақпараттың сапасы мен сенімділігін бағалауда қиындықтарға тап болғанын көрсетеді.

     Практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды жақсарту қажеттілігі: Табиғаттану және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық проблемалары практикалық дайындықтың жеткіліксіздігімен және зертханалық және практикалық сабақтардың аздығымен байланысты болуы мүмкін.

Мектептерді мемлекеттік аттестаттау (ММА).

     2024 жылы 260 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өтті, оның ішінде 44 мектеп (16,9%) бірінші реттен аттестаттаудан сәтті өтті.

     ММА-2024 қорытындысы бойынша 4-сыныптардың оқушылары 30-дан орта есеппен 12 балл жинады, бұл математика (15-тен 8, 6) және оқыту тілі (15-тен 9, 11) сияқты негізгі пәндер бойынша білімнің төмен деңгейін көрсетеді. 9-сыныптардың нәтижелері де алаңдаушылық туғызады: орташа балл 60-тан 24 балл, оның 12-сі математикадан (максимум 20 балл).

Мектептерді заманауи жабдықтармен жабдықтау проблемалары.

     Ақмола облысының ШЖМ көпшілігінде материалдық-техникалық база жеткіліксіз. Атап айтқанда, мектептерде интерактивті тақталарды, компьютерлік техниканы, проекторларды, мультимедиялық құралдарды, жаратылыстану-ғылыми пәндерге арналған мамандандырылған зертханаларды қоса алғанда, сапалы оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті жабдықтар жоқ.

Жоба аясында мектептерді ШЖМ үшін арнайы әзірленген оқу кабинеттерімен жарақтандыру көзделген, бұл өз кезегінде осы проблемаларды шешпек.

80-нен астам оқушысы бар 23 мектепте екі кабинет – цифрлық кабинет және ғылым кабинеті орнатылады. 80 оқушыдан аз 31 мектепте цифрлық кабинет пен ғылым кабинетінің мүмкіндіктерін біріктіретін бір әмбебап кабинет орнатылады.

Бұл жабдық педагогтар мен оқушыларға заманауи білім беру технологиялары мен жабдықтарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді, оқыту сапасын арттырады және тиімді онлайн-сабақтар өткізуге мүмкіндік береді, бұл облыстың ШЖМ-де оқу процесін жақсартуға ықпал етеді.


Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:

- Ақмола облысының 54 шағын жинақты мектебінің 5-11-сынып оқушылары;

- Ақмола облысының 18 тірек мектебі мен 54 шағын жинақты мектебінің педагогтары мен әкімшілігі


Күтілетін нәтижелер:

  1. Білікті педагогтардың тапшылығын сезінетін шағын жинақты мектептерде негізгі пәндер бойынша 5-11 сынып оқушылары үшін онлайн/офлайн оқыту ұйымдастырылды.
  2. Онлайн-сабақтар мен зертханалық жұмыстарды ыңғайлы өткізу үшін оқу кабинеттерін цифрлық кабинеттермен және ғылым кабинеттерімен немесе цифрлық және ғылыми кабинеттердің (оқушылар санына байланысты) мүмкіндіктерін біріктіретін әмбебап кабинеттерді жөндеу және жарақтандыру жүргізілді.
  3. Интернет-инфрақұрылым жақсартылды: тірек және магниттік мектептерде интернет жылдамдығы артты, онлайн-сабақтар үшін тұрақты байланыс қамтамасыз етілді.
  4. Пәндер мен оқыту негіздері бойынша педагогтердің біліктілігі арттырылды, олардың онлайн-сабақтар мен зертханалық жұмыстарды жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді.
  5. ШЖМ басшылары үшін біліктілікті арттыру бағдарламасы іске асырылды, білім беру процесін тиімді басқару үшін оларды даярлау қамтамасыз етілді.
  6. Оқушыларда азаматтық және моральдық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған құндылықтарға негізделген білім беру енгізілді.
  7. Тәжірибе алмасу және онлайн-оқыту сапасын арттыру үшін мұғалімдердің кәсіби өзара қолдау экожүйесі құрылды.
  8. Химия, физика, биология, математика, география, ағылшын тілі және информатика пәндері педагогтеріне оқу жылы ішінде зертханалық жұмыстар мен онлайн-сабақтар өткізуді қоса алғанда, оқытуда жаңа әдістемелер мен технологияларды тиімді қолдануға көмектесетін менторлық қолдау қамтамасыз етілді.
  9. Кіріс және қорытынды тестілеу нәтижелерімен расталған оқушылардың білім деңгейінің артуы.

Мерзімдері мен кезеңдері:

Жобаны іске асыру кезеңі: 2025 - 2026 жылдар


Жобаны іске асыру бойынша серіктестер

  • Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
  • Қостанай облысының Білім басқармасы
  • «Jelken Foundation» ҚҚ
  • «Білім-Инновация» ХҚҚ
  • «EduCon» ЖШС
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.