ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБА

QH Қазақстан жастары үшін ЖИ және технологиялық кәсіпкерлік саласындағы озық білімге қолжетімділікті кеңейту (AI-Sana)

Жобаның мақсаты:

ұлттық салалық басымдықтар мен жергілікті контекстті (Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне бейімделген оқу-әдістемелік кешен) ескере отырып, студенттердің, оқытушылар мен жас мамандардың жасанды интеллект және цифрлық кәсіпкерлік саласындағы озық халықаралық тәжірибеге тең және уақтылы қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Негізгі міндеттер:

- Қазақстандық базада халықаралық бағдарламаның құрылымына, Қазақстанның негізгі салалары үшін өзекті бірегей халықаралық контентке қол жеткізуді іске қосу;

- Салалық бағытты ескере отырып, бірегей материалдар негізінде модульдік тақырыптар мен бағдарламалар құрылымын ұсыну

- Ілеспе ресурстарды - бағдарлама материалдарын ұсыну

- Құрылымдық нұсқаулықтар мен анықтамалық материалдар арқылы оқытушылар мен қатысушыларды қолдау

- Базалық білімнен бастап ЖИ-де қолданбалы дағдыларға дейін көп деңгейлі қамтуды қамтамасыз ету;

- Өңірлер арасындағы білім беру және кәсіпкерлік мүмкіндіктерді теңестіру;

- ЖИ-стартаптар мен салалық жобалардың болашақ қатысушыларын даярлау үшін орта қалыптастыру;

- Цифрлық трансформация жағдайында Қазақстанның кадрлық және зияткерлік әлеуетін нығайту.


Жобаның бюджеті:

Қордың қатысуы жалпы сомасы 480 369 857,15 теңге сомасына Қазақстанның ЖЖОКБҰ-ның кемінде 160 мың студентіне, магистрантына, докторантына екі бағдарламаға қолжетімділікті (лицензияларды) беру бөлігінде көзделген.


Негізі:

Қазақстандықтардың сапалы білімге қолжетімділігін кеңейту мақсатында «Қазақстан халқына» ҚҚ 2022 жылдан бастап бірқатар қайырымдылық жобаларды іске асырды. Жоғары білім саласындағы көрнекті жобалардың бірі басты мақсаты «Coursera» білім беру платформасының курстарын қазақ тіліне аудару, кейіннен Қазақстанның адами капиталының сапасын жақсарту үшін Қазақстанның 25 жетекші өңірлік жоғары оқу орындарының студенттеріне қолжетімділік беру болған Coursera жобасы болды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қайырымдылық жобасының серіктесі болды.

Осы іске асырылған қайырымдылық жобасы шеңберінде 2023 жылғы ақпаннан желтоқсанға дейін 20 000 лицензия сатып алынды, оның нәтижесі бойынша 46 423 студент түрлі бағыттар бойынша курстардан өткені туралы 73 003 сертификат алды.

Бір лицензияны мақсатты пайдаланудың тиімділігі 233% құрайды, өйткені 46 мың студент 20 мың лицензия бойынша оқыды.

Сонымен қатар, 2023 жылы 10 жоғары оқу орны толық интеграцияны жүзеге асырды, сол кезде «Coursera» білім беру платформасының 853 курсы 116 пәнді толығымен ауыстырды. Онлайн курстарда оқу қорытындысы бойынша 5554 студент курстар бойынша толық қайта сынақ тапсырып, 22 931 академиялық кредитті меңгерді.

«Coursera» платформасының курстарын қазақ тілінде бейімдеу көптеген қазақстандық студенттерге стартап-жобаларды іске асыруды қоса алғанда, өз білімдері мен дағдыларын практикада іске асыруға мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, сәтті «кейстер» арасында мыналар көзге түседі:

- Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 13 студенті стартап-конкурстарда жеңіске жетіп, EPAM сияқты жетекші компанияларға жұмысқа орналасты;

- Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ-дан Ж. Ғинаят бизнес-стратегияны меңгеріп, «Creamy» наубайханасын сәтті ашты;

- Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қызметкері Р. Досов пен А. Айтқалиев талапкерлермен жұмыс тиімділігін арттыратын электрондық кезек жүйесін құрды;

- І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қызметкері А. Советбекова 1 500 000 теңге грант жеңіп алып, Python-ды қазақ тілінде оқыту үшін «PyTeach» платформасын әзірледі, осылайша өңірде IT-білім беруді дамытуға өз үлесін қосты.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 592 қаулысымен Жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді, оның шеңберінде мынадай стратегиялық шаралар іске асырылып жатыр: бірыңғай Data Lake (орталықтандырылған қойма) құрылуда, суперкомпьютерлік кластер қалыптастырылуда, 5G, кең жолақты және спутниктік интернетті қоса алғанда, жоғары жылдамдықты қолжетімділік инфрақұрылымы дамытылып, сондай-ақ Alem Ai ұлттық орталығы құрылуда.

Бұл бастамалар президенттік тапсырмалармен және тығыз халықаралық ынтымақтастықпен нығайтылып жатыр. Осылайша, 2023 жылы Қытайда өткен кездесуде Президент Тоқаев елдің цифрлық трансформациясы үшін ЖИ маңыздылығын атап өтті және ЖИ, цифрландыру және инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықтың негізгі тақырыптары талқыланды.

2025 жылдың қаңтарында «Абу-Дабиді тұрақты дамыту апталығында» ол цифрландыру мен ЖИ — ұлттық даму стратегиясының үш басымдығының бірі екенін атап өтті, сондай-ақ ЖИ бойынша топ-сарапшылармен кездесуде AI-Sana жобасын таныстырды. Осы жылдың мамыр айында Астана халықаралық форумы аясында Президент Google компаниясының басшылығымен кездесті, онда Google-дің жобаға қатысуы және олардың одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға деген ниеті талқыланды.

AI-Sana кешенді жобасының осы (бірінші) кезеңін іске асыру қазақстандық жастардың жасанды интеллект және цифрлық кәсіпкерлік саласындағы құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған екі халықаралық білім беру бағдарламасына қол жеткізуді кезең-кезеңімен ұсыну арқылы жүзеге асырылатын болады. Бағдарламалар әлемнің жетекші университеттерінің (соның ішінде Stanford және MIT) табысты тәжірибелеріне негізделген және Қазақстанның ұлттық салалық басымдықтарын, өңірлік ерекшеліктері мен тілдік ортасын ескере отырып іске асырылатын болады.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған материалдар қазақстандық аудиторияға түсінікті, қолжетімді және пайдалы болу үшін мәдени, лингвистикалық және салалық бейімделуден өтеді. Бұл жаһандық білімді отандық экономиканың қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне барынша жақындатуға мүмкіндік береді.

Осы жоба шеңберінде студенттер мен жас мамандардың ел экономикасының негізгі салаларын трансформациялауға қатысу үшін қажетті өзекті білімді, цифрлық дағдыларды және кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға бағытталған екі кешенді оқыту бағдарламасын кезең-кезеңімен енгізу көзделген.

Бағдарламаның негізгі әзірлеушісі – Стэнфорд университетінің (CTO) бұрынғы деканы және техникалық директоры профессор Пол Ким. Пол Ким – жаһандық кәсіпкерлік және цифрлық трансформация бағдарламаларының авторы және кураторы болып табылатын білім беру технологиясының танылған новаторы. Көптеген атақ марапаттарымен қатар (Seeds of Empowerment негізін қалаушы, WestEd ДК мүшесі, WISE (Qatar Foundation), UNESCO, Sesame Workshop сыйлықтары мен марапаттарының лауреаты, Пол Ким Сауд Арабиясы, Руанда, Уругвай және басқа елдердің үкіметтеріне білім беруде АКТ енгізу бойынша кеңес берді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің мүшесі болып табылады.

Бағдарламалар академиялық сараптаманың, нақты кәсіпкерлік тәжірибе мен салалық білімнің бірегей үйлесімі негізінде құрылған, оны іске асыруға жетекші халықаралық профессорлар, табысты кәсіпкерлер және негізгі индустрия өкілдері қатысып, қатысушыларға озық білімге, соңғы технологиялық трендтерге және практикалық тәсілдерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Атап айтқанда, 1-бағдарлама (негізгі): «Зияткерлік технологиялар және кәсіпкерлік ойлау»(ұзақтығы – 2 ай)

Жасанды интеллект жұмысының принциптері, цифрлық трендтер мен кәсіпкерлік тәсілдер туралы негізгі түсінікті қалыптастырады. Қатысушылар технологиялық шешімдерді құру логикасымен танысады және нақты міндеттерде ЖИ қолдану мүмкіндіктерін көруді үйренеді.

Қамту - оқудың бірінші жылында ЖЖОКБҰ-ның 60 000 студенті (зәкірлік ЖОО).

2-бағдарлама (ілгері): «Жасанды интеллект және командалық көшбасшылық арқылы салалық міндеттерді цифрлық шешу» (ұзақтығы - 3,5 ай)

Қатысушыларға салалық мәселелерді талдауға, ЖИ шешімдерін әзірлеуге және жобалау топтарында тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беру арқылы техникалық және басқару дағдыларын тереңдетеді. Бағдарлама АӨК, энергетика, білім беру және су ресурстары сияқты Қазақстан үшін басым салалардың кейстерін қамтиды.

Қамту - оқудың бірінші жылында ЖЖОКБҰ-ның 60 000 студенті (зәкірлік ЖОО).

Бағдарламалардың негізгі бағыттары сәтті ЖИ шешімдерін құру үшін қажетті төрт құзыреттілік саласын қамтиды:

  1. ЖИ бағдарламалау (терең технологиялар) – машинаны оқытудың озық әдістерін меңгеру және алдын ала оқытылған модельдермен жұмыс істеу.
  2. ЖИ кәсіпкерлігі – ЖИ-технологияларын қолдана отырып, стратегиялық ойлауды, жобаларды басқару дағдыларын және бизнес-модельдерді құруды қалыптастыру
  3. Салалық білім – нақты салаларды зерттеу және компаниялардың кейстерімен практикалық жұмыс.
  4. Халықаралық практикалар мен кейстер – табысты стратегияларды талдау және үздік әлемдік тәсілдерді қолдану.

Бағдарламаларға қол жеткізгеннен кейін және сәтті өткеннен кейін студенттер:

- Жасанды интеллекттің негізгі технологияларын меңгеріп, алдын-ала дайындалған модельдермен жұмыс істеуді үйрене алады.

- ЖИ және кәсіпкерлік саласындағы халықаралық трендтерді талдай және қолдана алады.

- Негізгі салаларда ЖИ негізіндегі минималды өміршең өнімдерді (MVP) әзірлей және оларды нарықта сынай алады.

- Өз жобаларын инвесторлар, тапсырыс берушілер және сарапшылар алдында сауатты таныстыра алады.

Министрліктер мен ведомствоға қарасты ұйымдардан бастап жетекші жоғары оқу орындарына, зерттеу орталықтарына, салалық сарапшыларға, халықаралық әріптестер мен технологиялық бизнес өкілдеріне дейін әртүрлі секторлар өкілдерінің кеңінен тартылуы жобаны іске асыруға жоғары дайындықты және терең қоғамдық және институционалдық қолдауды айғақтайды. Жобаның барлық кезеңдеріне тұжырымдамалық жобалаудан бастап нәтижелерді тираждауға дейін көптеген тараптардың ауқымды қатысуы - оның ұлттық маңызы бар жүйелік бастама ретіндегі дұрыстығын растайды.

AI-Sana қазірдің өзінде технологиялық серпіліске деген біртұтас ерік-жігерді және елдің болашағын өзгертуге қабілетті зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға деген ұмтылысты айғақтайтын ынтымақтастық форматтары үшін біріктіруші платформаға айналды.

Осылайша, «Қазақстан халқына» ҚҚ қаржыландыратын жоба (AI-Sana кешенді жобасының 1-кезеңі) Қазақстан экономикасын тұрақты дамытуға бағытталған кадрларды даярлау мен технологиялық стартаптарды құрудың ауқымды процесінің құрамдас (бірінші) кезеңдерінің бірі болып табылады.


Өзектілігі:

Жасанды интеллекттің экономика мен қоғамға әсері соңғы онжылдықтағы шешуші үрдістердің біріне айналды. АҚШ пен Қытай сияқты көшбасшы елдер бірнеше жылдан бері ұлттық басымдықтар деңгейінде ЖИ-ге инвестиция салып келеді. Қазақстан бұл жарыстағы өз ұстанымын 2023 жылы Ел Президенті digital Bridge форумында ЖИ-дің экономиканың болашағы үшін стратегиялық маңыздылығын атап өткен кезде ресми түрде белгіледі.

Бұл ретте, Oxford Insights (2023 ж.) деректеріне сәйкес Қазақстан ЖИ-ге дайындықтың әлемдік рейтингінде 72-орында тұр. Инженерлік және цифрлық білімі бар мамандардың жетіспеушілігі, цифрлық дағдылардың төмен деңгейі, ғылыми және АТ белсенділігінің әлсіздігі негізгі сын-қатерлерге жатады. Осы сын-қатерлерге жауап ретінде 2024 жылы жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

Ai-sana бағдарламасы бұл сын-қатерлерге ЖИ, кәсіпкерлік және салалық білімді біріктіретін университеттер базасындағы жаңа цифрлық экожүйені қалыптастыру жөніндегі жүйелік бастама ретінде жауап береді. Оның миссиясы – жаһандық әлеуеті бар өз шешімдері мен стартаптарын құруда елде қалатын және технологиялық егемендікке ықпал ететін жастарды қолдау.

Қайырымдылық жобасын іске асыруға мыналар негіз болып табылады:

1) «Alem.AI» жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасын таныстыру жөніндегі іс-шара шеңберінде «ЖИ дамыту мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 24-01-15.6 хаттамалық тапсырмасы 2.11-тармақ;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 592 қаулысымен бекітілген 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасы;

3) 2023 - 2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысы.

ҚР Президенті Қ. Тоқаев «Alem.AI» Тұжырымдаманың тұсаукесері аясында азаматтардың жасанды интеллект саласындағы құзыретін арттыру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, 1 миллионға жуық адамды жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы дағдыларды кезең-кезеңімен оқыту жоспары ерекше назар аударуды қажет етеді. «Үкіметке жасанды интеллект бағытында маман даярлауға арналған AI-Sana бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру мәселесін қарастыруды тапсырамын. Аталған бағдарлама оқу, зерттеу және стартаптарды әзірлеу үдерістері тоғысатын динамикалық экожүйені қалыптастыруға ықпал етуге тиіс. Әлемнің жетекші университеттерінің акселерация тәжірибесін қолданған дұрыс, - деп атап өтті Президент.

Жобаны іске асыруға көптеген қатысушылар өз үлестерін қосуда, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) AI-sana инновациялық бағдарламасы бойынша «Бастапқы базалық кезең» шеңберінде жобаның бастамашысы ретінде Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарымен өтеусіз негізде және республикалық бюджет қаражаты есебінен Coursera, Huawei және Astana Hub - серіктестер курстарында ЖИ саласындағы базалық дағдыларға бакалаврлар, магистранттар мен докторанттарды даярлау бойынша іс-шаралар өткізіп жатыр.

Атап айтқанда, ҚР ҒЖБМ Coursera компаниясымен 1 562 136 мың теңге сомаға келісім жасасты, оның шеңберінде «Coursera» платформасына қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 121 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) қол қойылды.

Бұйрыққа сәйкес 95 жоғары оқу орнына Coursera білім беру платформасына қол жеткізу үшін 37 000 лицензия берілді.

Сондай-ақ, ҒЖБМ мен «Huawei Technologies Kazakhstan» ЖШС арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде Huawei-мен бірлесіп ЖОО базасында 43 АКТ академиясы ашылды, 100-ден астам жаттықтырушы даярланды және компания бағдарламалары бойынша 1000 студент сертификатталды. Корпорацияның жергілікті және халықаралық АКТ жарыстарына 6000-нан астам студент қатысты. Студенттерге және жоғары оқу орындарының ПОҚ-на ұсыну үшін ЖИ бойынша 3 курсты аудару жүзеге асырылды.

Astana Hub Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін «Жасанды интеллект негіздері: GPT чаты» курсына қолжетімділікті ашты.

Мәселен, 2025 жылдың наурыз айында ағымдағы жылдың 20 мамырында басталған бастапқы кезеңде 360 мыңнан астам студент түрлі курстардан өтті, оның ішінде Huawei курстарында 169 мыңнан астам студент 247 мыңнан астам сертификат алды, 75 мыңнан астам студент Astana hub («ЖИ негіздері: ChatGPT» онлайн-курсы) курстары бойынша сертификат алды, 43 мыңнан астам студент - Coursera («Барлығына арналған генеративті ЖИ» курсы), сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ның ЖИ (ЕҰУ, Satpayev University және т.б.) авторлық курстары бойынша 35 мыңнан астам сертификат алды.

Сондай-ақ, «Қазақстан жастары үшін ЖИ және технологиялық кәсіпкерлік саласындағы озық білімге қолжетімділікті кеңейту (Ai-Sana)» жобасын іске асырудың екінші кезеңінен бастап алдағы уақытта сыртқы сарапшыларды тартпай, осы бағдарлама бойынша оқытуды кейіннен өткізу үшін еліміздің жоғары оқу орындарының оқытушылар құрамын оқыту және олардың біліктілігін арттыру жүргізілетін болады.

AI-Sana жобасы шеңберінде студенттер мен оқытушылар үшін білім беру бағдарламасы мен зерттеу міндеттерін іске асыру үшін қосымша жекелеген жоғары оқу орындары материалдық-техникалық және цифрлық инфрақұрылымға (аудиториялар, зертханалар, суперкомпьютерлер және басқа да инфрақұрылымдар) қолжетімділікті қамтамасыз ететін болады.

Бүгінгі таңда Министрлік жоғары оқу орындарының базасында академиялық кластер құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр: (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1,94 PFlops, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 100 TFlops және Satbayev University 10 TFlops). Суперкомпьютерлердің жалпы өнімділігі - 2 PFlops.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде Huawei компаниясы ағымдағы жылдың соңына дейін Huawei ATLAS 900 AI Cluster компаниясының ең жоғары сәтінде өнімділігі 10 Pflops-ты құрайтын суперкомпьютері Satbayev University-ге жеткізетін болады

Осылайша салыстырмалы білім беру және акселерациялық бағдарламалар (Coursera, Stanford AI Lab, DeepLearning.AI, Amazon AWS Educate) негізінде 267 780 000 теңгеден асатын соманы құраған жоба үшін студенттердің саны және жобаның әртүрлі кезеңдерінің айлары бойынша қажет болатын суперкомпьютерлердің қуаты және жоғары оқу орындарының ұқсас жабдықтары түріндегі қажетті инфрақұрылымды алдын ала есептеу жүргізілді.

«Ғылым қоры» АҚ бағдарлама операторы ретінде бағдарламаны іске асыруды, мониторингті және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді жүргізетін болады, сондай-ақ қолданыстағы қолдау бағдарламалары арқылы «AI-Sana» қатысушыларының стартап-жобаларын коммерцияландыруға қатысады.

Қазіргі уақытта Ғылым қоры жергілікті және халықаралық серіктестерді тарта отырып, венчурлық инвестициялар үшін Қорлар қорын құру бойынша белсенді жұмыс істе жатыр. Бірқатар келіссөздердің қорытындысы бойынша зәкірлік серіктестердің бірі болып MENA-өңіріндегі жетекші позициясының, венчурлық инвестициялардың едәуір көлемінің және Deeptech жобаларын қолдау құралдарының 2023 жылы $1,38 млрд құраған сондай-ақ бір жыл ішінде +72%-ға жеткен инвестициялардың жоғары өсу қарқыны арқасында Сауд Арабиясы белгіленді.

Серіктестіктің негізгі стратегиясы қолданбалы ғылыми жобаларды венчурлық қаржыландырудың негізі болатын DeepTech-стартаптар үшін бірлескен кеңістік құруға бағытталған. Осы ынтымақтастықтың арқасында қазақстандық жобалар инфрақұрылымға, қаржыландыру мүмкіндіктеріне қол жеткізуге, сондай-ақ отандық әзірлемелерді тек Орталық Азия нарығына ғана емес, сонымен қатар MENA нарығына да кеңейтуге және масштабтауға қол жеткізуге мүмкіндік алады, бұл технологиялық стартаптар мен отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды жеделдетуге ықпал ететін болады.

Осылайша, Ғылым қоры Сауд Арабиясының NDTP-мен $100 млн-ға дейін нысаналы таргеті бар DeepTech-қорды құру мәселесін пысықтау туралы келісімге қол жеткізді

Бұдан басқа, жекелеген жоғары оқу орындары Қазақстанда және әлемдік нарықтарда одан әрі масштабтау үшін құрылу сатысында жобаларды жеделдету үшін қаражат бөлуді жоспарлап отыр.

«Қазақстан жастары үшін жасанды интеллект және технологиялық кәсіпкерлік (AI-Sana) саласындағы озық білімге қолжетімділікті кеңейту» жобасын іске асыру нәтижесі экономиканың перспективалы салалары үшін 1500-ден астам жобаны құруды қоса алғанда, студенттерді одан әрі тереңдетіп оқытумен және стартаптарды әзірлеуге және инновацияларды коммерцияландыруға дейін жеткізе отырып, энергетика, су ресурстары, ауыл шаруашылығы және білім беру сияқты Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттерін толық ауқымды кезең-кезеңмен оқыту және жобаны іске асыру сәтінде халықаралық нарықтарға шығару және кейінгі жылдары одан әрі дамыту үшін 50 стартап-жоба болады.

ЖИ саласындағы жобаларды әзірлеуді оқытуға арналған сынақтан өткен және бейімделген оқу-әдістемелік кешен негізінде, ҚР ҒЖБМ жастар кәсіпкерлігін дамытудың және ЖИ терең зерделеудің инновациялық экожүйесін құрады, соның арқасында студенттер шетелге шықпай-ақ өз елінде ана тілінде озық тәжірибе мен білімге қол жеткізе алады, бұл әлемдік деңгейдегі білім берудің жаппай қолжетімділігін қамтамасыз етеді және Қазақстан экономикасын дамытудың драйвері болады.


Қайырымдылық көмек алушылардың мақсатты тобы:

ЖЖОКБҰ-ның 160 000 студенті, магистранттары, докторанттары, оның ішінде:

- Қазақстан бойынша 2 айлық онлайн-бағдарлама бойынша өңірлік ЖЖОКБҰ-ның 100 000 студенті, магистрант пен докторанттары («базалық курс»);

- 3,5 айлық гибридті курс бойынша өңірлік ЖЖОКБҰ-ның 60 000 студенті, магистранты мен докторанттары оқудың бірінші кезеңінен кейін іріктеуден өтті («ілгері» курс).

Жоба шеңберінде өңірлік ЖЖОКБҰ-да және жұмыс (техникалық) кәсіптер бойынша білім алушыларға басымдық беріледі (27 «зәкірлік» ЖЖОКБҰ-ның тізімі қоса беріледі).

«Зәкірлік» ЖЖОКБҰ-ның тізімі «Қазақ тіліндегі «Coursera» қайырымдылық жобасына қатысқан ЖЖОКБҰ-ның тізімімен 90 пайызға сәйкес келеді («Coursera»-мен  жобаға кірген Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін, Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қоспағанда).


Күтілетін нәтижелер:

Осы кезең шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасанды интеллект және цифрлық кәсіпкерлік жөніндегі екі халықаралық білім беру бағдарламаларын («Зияткерлік технологиялар және кәсіпкерлік ойлау», «Жасанды интеллект және командалық көшбасшылық арқылы салалық міндеттерді цифрлық шешу» бағдарламасы) ауқымды іске қосуға мазмұнды, әдістемелік және ұйымдастырушылық дайындық қамтамасыз етілетін болады.

 

Сапалы нәтижелер:

  • Екі дайын халықаралық бағдарламаға қол жеткізу расталды («Зияткерлік технологиялар және кәсіпкерлік ойлау» бағдарламасы, «ЖИ және командалық көшбасшылық арқылы салалық міндеттерді цифрлық шешу» бағдарламасы);
  • Ұлттық салалық басымдықтарды ескере отырып, бағдарламалардың құрылымы аяқталды;
  • Бағдарламаларды көп тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ұсыну қамтамасыз етілді;
  • Жоғары оқу орындары мен үйлестірушілер арасында рөлдерді үлестіруді қоса алғанда, іске асыру форматтары (онлайн, гибридті) келісілді;
  • Негізгі қатысушыларға (ЖОО, оқытушылар, әдіскерлер) бағдарламалардың мазмұны көрсетілді;
  • 2026 жылы оқу бағдарламаларын іске қосу үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық материалдар дайындалды;
  • Ауқымды енгізуге толық дайындығын растайтын қорытынды есеп әзірленді.

Сандық көрсеткіштер:

  • 2 бағдарлама (негізгі - 2 ай, тереңдетілген - 3,5 ай) іске асырылуға дайын;
  • 4 басым салалар тақырыптық бөлімге біріктірілген (АӨК және ауыл шаруашылығы, энергетика, білім беру, су ресурстары);
  • Барлық қазақстандық университеттер бағдарламалармен танысып, іске қосуға дайындыққа қатысып жатыр;
  • Мазмұнды бағалау және реттеу үшін 6-10 халықаралық және ұлттық сарапшылар қосылды;
  • 160 000-нан астам студенттерге арналған сапалы ЖИ және кәсіпкерлік бағдарламаларына қол жетімділік.
  • AI-Sana бағдарламасының (барлық кезеңдерінің) күтілетін нәтижелері
  • 2026 жылдың қаңтарынан бастап бағдарламалар іске қосылғаннан кейін жоба мыналарды қамтамасыз етеді:
  • 160 000-нан астам студенттерге арналған сапалы ЖИ және кәсіпкерлік бағдарламаларына қол жеткізу;
  • Командаларда әзірленген алғашқы 300 цифрлық жобаны қалыптастыру;
  • Бағдарламаларды кейіннен өз бетінше тираждау үшін 600 оқытушыны даярлау;
  • Акселерация алды және акселерациялық тректі іске қосудың нәтижесі – 1500 жергілікті ЖИ-стартап, оның 50-і халықаралық нарыққа шығуға дайын;
  • Қазақстанның барлық облыстарынан студенттердің қатысуы арқылы цифрлық және өңірлік алшақтықты азайту.

Осы қайырымдылық жобасын іске асырғаннан кейін, 2027 жылдан бастап AI-Sana жобасы құзыреттерді қалыптастырудан бастап технологиялық шешімдерді іске қосуға және масштабтауға дейінгі толық циклды қамти отырып, тұрақты жұмыс істеу кезеңіне өтеді. Бағдарлама білім беру модульдерін тираждау, университеттер базасында акселерациялық желіні кеңейту және студенттердің, магистранттардың және жас мамандардың жаңа буындарын Қазақстан экономикасының негізгі салаларына бағдарланған ЖИ-шешімдерді құруға тарту жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Постакселерациялық кезеңде неғұрлым перспективалы командаларды сүйемелдеу, олардың халықаралық нарықтарға шығуын қолдау, сондай-ақ инвесторлармен және корпоративтік әріптестермен жұмыс жасау көзделген. Бұл жобаның жетістіктерін бекітіп қана қоймай, сонымен қатар технологиялық кәсіпкерліктің тұрақты экожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, оның шеңберінде экспорттық әлеуеті жоғары және алғашқы Қазақстандық «жалғыз мүйізділер» болу мүмкіндігі бар ұлттық DeepTech-компаниялар өсетін болады.

Осылайша, «Қазақстан жастары үшін ЖИ және технологиялық кәсіпкерлік саласындағы озық білімге қол жеткізуді кеңейту» кезеңі кадрларды даярлауға, технологиялық шешімдер жасауға және Қазақстанды жаһандық цифрлық күн тәртібіне ілгерілетуге бағытталған ауқымды ұлттық бағдарламаны іске асыру үшін негіз болады.


Мерзімдері мен кезеңдері:

Жобаны іске асыру кезеңі: 2025 жылғы шілде – желтоқсан


Жобаны іске асыру бойынша серіктестер

  • «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі» ММ
  • «Ғылым қоры» АҚ
  • Республиканың цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
  • «Zemex Inc» компаниясы атынан Пол Ким (Hong Suk (Paul) Kim, Chief Executive Officer & President)
  • 27 жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ)
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.