10-14 жас аралығындағы (қоса алғанда) ауыл балаларының зияткерлік және шығармашылық дамуына ықпал ететін бағдарлама көмегімен қауіпсіз және жайлы демалысты қамтамасыз ету.
Жобаның міндеттері:
Жобаның болжамды шығыстарының жалпы сметасы 1 011 046 720 теңгені құрайды. Қордың қатысуы жолдамаларды сатып алу бөлігінде көзделген.
2023-2024 жж. жазғы кезеңде «QH Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы іске асырылды. Жоба аясында 2 жыл ішінде ауылдық жерлерде тұратын 10-14 жас аралығындағы 40 мыңға жуық оқушы демалыспен қамтылды.
Жобаға оқуда, спортта, шығармашылықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, мектеп өміріне белсенді қатысатын, сондай-ақ аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушылар қатысты. 2024 жылы игілік алушылар санаты толықтырылды: су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасылардан шыққан балалар (Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары) қосылды.
Айта кетері, жобаны іске асырудың 2 жылында нормативтік база қалыптастырылып, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен білім басқармаларында, сондай-ақ балалар сауықтыру лагерлерінде практикалық тәжірибе жинақталды.
2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалар лагерлері жұмысының тиімділігін бағалау өлшемшарттарын әзірледі.
Өлшемшарттарға соңғы 3 жылдағы лагерьдің орташа толуы, соңғы 3 жылдағы сауықтыру маусымына уақтылы дайындық; балалардың жайлы тұруы үшін жағдайлардың, білім беру, мәдени-демалыс, спорттық-сауықтыру қызметін ұйымдастыру үшін инфрақұрылымның болуы; медициналық блоктың болуы және медициналық кадрлармен жасақталуы; үйірмелер мен секциялардың саналуандығы; педагог кадрлармен жасақталуы; балалардың шомылу орындарында күзет немесе қауіпсіздік қызметінің, құтқару бекеттерінің болуы және басқалар сияқты 13 талап кіреді.
Осы өлшемшарттар негізінде облыстардың білім басқармалары ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жобаға қатысушы лагерьлерді анықтады: 2023 жылы – 34 лагерь, 2024 жылы – 28 лагерь, 2025 жылы – 25 лагерь.
Меншік нысаны бойынша іріктелген 25 лагерьдің 16-сы жеке, 8-і мемлекеттік, 1-і сенімгерлік басқарудағы мемлекеттік лагерь болып табылады. Оның ішінде 21 лагерь жобаға 2023-2024 жылдардан бастап қатысып келеді, ал 4 лагерь алғаш рет қатысуда. Жаңа қатысушылардың бірі – Қор 2023 жылы салған Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы «Балдәурен» балалар сауықтыру лагері.
2024 жылы Оқу-ағарту министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және әлденемен айналысуын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі, онда: қала сыртындағы, күндізгі және шатырлы лагерьлер туралы үлгілік ережелер, білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар, ұсынылатын күн режимі, балалар сауықтыру орталықтарының тәлімгерлері үшін ойын технологиялары, спорттық және қимыл-қозғалыс ойындарындағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқаулық, бұйрық үлгілері, іс-шаралар кесте-жоспары және басқа құжаттар қамтылған. Бұл әдістемелік ұсынымдар ағымдағы жылы да қолданылатын болады.
Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіз, мәнді демалысын қамтамасыз ету мақсатында 9 орталық мемлекеттік органмен (Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар министрлігі) келісілген 2024-2026 жж. жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және әлденемен айналысуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Қордың талдау және болжау орталығы жыл сайын қайырымдылық жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді. Мәселен, «QH Жаздық жолдама» жобасын алушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері сауалнамаға қатысқандардың 97,3%-ы лагерьде ұсынылатын бағдарламалар мен белсенділіктердің сапасын (2023 жылы – 93%), 98,6%-ы (2023 жылы – 94,9%) тұрудың жақсы жағдайларын, 97,2 % (2023 – 92,5%) лагерь қызметкерлерінің жұмысын, 97,5% (2023 – 91,2%) - лагерьлердегі қауіпсіздікті оң бағалағанын көрсетті.
Жалпы, мониторинг нәтижелері сауықтыру-дамыту бағдарламасы бар лагерьлердің қауіпсіз және жайлы демалыспен қамтамасыз еткенін көрсетеді.
«Қазақстан халқына» ҚҚ (бұдан әрі – Қор) атына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінен (бұдан әрі – Министрлік) 2025 жылы «QH Жаздық жолдама» жобасын жалғастыру туралы бастамасы бар хат (2025 жылғы 02 мамырдағы № 3-05-4/3133-И) келіп түсті. Сондай-ақ, Министрлік бұл жобаның өскелең ұрпақтың зияткерлік және шығармашылық дамуында, олардың демалу және денсаулығын нығайту құқығын қамтамасыз етудегі маңыздылығын дәлелдегенін атап өтті. Өз кезегінде Министрлік оның іске асырылуын үйлестіруге дайын.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша барлығы 17 облыста ауылдық мектептерде 10-14 жас аралығындағы 712 431 бала оқиды. Жоба аясында жазғы демалыспен 10 000 бала немесе 1,4% қамтылады. Әр облысқа квотаны белгілеу ҰБДҚ статистикалық деректері негізінде жүзеге асырылды.
Бұл ретте бір баланың жобаға екі және одан да көп рет қатысуына жол берілмейді.
Жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, ауыл балаларын жан-жақты дамытуға, әлеуметтендіруге, патриоттық және мәдени құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін оларды қолдаудың тиімді тетігі ретінде «QH Жаздық жолдама-2025» жобасын іске асыруды жалғастыру ұсынылады.
Оқуда, спортта, шығармашылықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, мектеп өміріне белсенді қатысатын 10-14 жас аралығындағы (қоса алғанда) ауылдық мектептерден, сондай-ақ аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 10 000 бала.
1) ауылдық жерлерден 10 000 оқушыны жазғы демалыспен қамту;
2) дамыту бағдарламасы бойынша балалар лагерьлерінде (орталықтарда) сапалы және қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету;
3) әр ауысымда кемінде 10 іс-шара өткізу: мотивациялық кездесулер, шығармашылық конкурстар, экологиялық және іскерлік ойындар, экологиялық акциялар, спорттық жарыстар, инновациялық технологияларға қол жеткізе отырып көшпелі экскурсиялар және өлкенің көрікті жерлеріне радиалды барып қайту және басқалар;
4) оқушыларды халықтық фольклорлық мерекелермен, салт-дәстүрлермен, ойындармен, әндермен, билермен және қолөнермен таныстыру;
5) балаларды әлеуметтендіру, олардың денсаулығын нығайту, мета-дағдыларды (4К-құзыреттілік, эмоционалдық интеллект) дамыту.
Жобаны іске асыру кезеңі: 2025 жылғы мамыр-қыркүйек, оның ішінде 2025 жылғы маусым-тамыз - балалардың демалысын ұйымдастыру.
Жобаның географиясы: Қазақстанның 17 облысы.
Оқуда, спортта, шығармашылықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, мектеп өміріне белсенді қатысатын 10-14 жас аралығындағы (қоса алғанда) ауылдық мектептерден, сондай-ақ аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 9 970 бала қала сыртындағы балалар лагерьлерінде демалды.
Жазғы демалыс бағдарламасы балалардың спорттық, көшбасшылық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған, балалардың әлеуметтенуіне, денсаулығын нығайтуға, мета-дағдыларды дамытуға (4К-құзыреттілік, эмоционалды интеллект) ықпал етті.