Жобаны екі кезеңде іске асыру көзделген (бірінші кезең жергілікті атқарушы органдардың оңалту орталықтары үшін үй-жайларды айқындауды көздейді; екінші кезең Қордың Қамқоршылық кеңесінің жекелеген шешімдері негізінде, үй-жайлардың әзірлігін негізге ала отырып, өңірлерде кезекпен іске асырылатын болады).
10 өңірдің әкімдіктері 11 аудандық оңалту орталығына арналған үй-жайларды анықтады. Бүгінгі таңда 11 аудандық оңалту орталығын жабдықтармен, техникамен, жиһазбен жарақтандыруды қаржыландыру жүргізілуде.
№
|
Өңір
|
Аудандық/ауданаралық аурухана базасындағы инфрақұрылым
|
1
|
Алматы облысы
|
«Кеген аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК
|
2
|
Акмола облысы
|
«Жақсы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК
|
3
|
Актөбе облысы
|
«Шалқар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК
|
4
|
Қызылорда облысы
|
«Арал көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК
|
5
|
«Жаңақорған көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК
|
6
|
Маңғыстау облысы
|
«Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК
|
7
|
Жетісу облысы
|
«Сарқан аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК
|
8
|
Жамбыл облысы
|
«Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығы» ШЖҚ КМК
|
9
|
Қостанай облысы
|
«Арқалық өңірлік ауруханасы» ШЖҚ КМК
|
10
|
Түркістан облысы
|
«Асықата» Жетісай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК
|
11
|
Қарағанды облысы
|
«Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ КМК
|
Әр орталықта ННҚ қолдауымен шетелдік менторлардың қатысуымен біліктілікті арттыру курстарында, көшпелі семинарларда және шеберлік сыныптарында мамандар оқытылады.
Сондай-ақ, Жобаның серіктесі «Қамқорлық қор» Корпоративтік қоры екі жыл ішінде оқытылған мамандарды үйлестіру бөлігінде консультациялық сүйемелдеу көрсететін болады. Оңалту қызметтері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету есебінен төленетін болады.
Орталықтарды ашу олардың дайындығына қарай 2026 жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын болады.