ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

QH Қарағанды облысында комбустиологиялық қызметті дамыту

Жобаның мақсаты:

Әлеуетті өндірістік қатерлер аймағы ретінде Қарағанды облысында комбустиологиялық көмек көрсету жүйесін жаңғырту Жобаның мақсаты болып табылады.


Жоба міндеттері:
ШЖҚ «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК комбустиология бөлімшесін және ШЖҚ «Теміртау қаласының көп бейінді ауруханасы» КМК полижарақат бөлімшесін жабдықтау;
«Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ клиникалық базасының кадрларын даярлау деңгейін арттыру


Жоба бюджеті:

Жоба шығыстарының жалпы сметасы 526 501 506 теңгені құрайды.


Негізі:

Қарағанды облысы Қазақстанның орталық өңірі болып табылады және оған 7 аудан мен 6 облыстық маңызы бар қала, 8 кент, 349 ауылдық елді мекен кіреді.

Қарағанды облысы халқының жалпы саны 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 1 135,4 мың адамды құрайды, Қарағанды қаласында 515,8 мың адам тұрады. Облыстың басқа да ірі қалалары: Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск. Облыстың индустриялық базасын 100-ден астам тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау кәсіпорындары мен өндірістері қалыптастырады.

Қарағанды көмір бассейні әлемдегі ең ірі көмір бассейндерінің бірі болып табылады, онда көмір өндіру негізінен жерасты тәсілімен жүзеге асырылады.

Қарағанды облысының көмір шахталарында метанның көп мөлшерінің болуына байланысты апаттар мен оқиғалар орын алуда соның салдарынан термиялық күйік пен жарақат алған кеншілер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіледі атап айтқанда аумақтық орналасуы бойынша ШЖҚ «Теміртау қаласының көп бейінді ауруханасы» КМК-ға, сондай-ақ жоғары білікті мамандандырылған көмек көрсету үшін пациенттер ШЖҚ «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК-ға ауыстырылады.

Күйік жарақаты бар пациенттерді емдеудің күрделілігі мен көп сатылығы айтарлықтай ресурстарды және травматология бөлімінде заманауи медициналық техниканың болуын, сондай-ақ термиялық жарақаты бар пациенттерді емдеуде заманауи технологияларды қолдану үшін бөлімшенің материалдық-техникалық базасын жақсарту мүмкіндігін талап етеді.

Ерте некрэктомия (өміршең емес тіндерді (некроз немесе гангрена) алып тастау), аутодермопластикамен некрэктомия (өз терісін трансплантациялау арқылы өміршең емес тіндерді (некроз немесе гангрена) алып тастау), аллофибробласттарды қолдана отырып аутодермопластика (өз терісін бөтен фибробласттарды қолдана отырып трансплантациялау), химиялық некрэктомия (химиялық әсер ету арқылы некроз аймақтарын жою) сияқты технологиялар қолданылады.

Шұғыл пациенттерге медициналық көмек көрсетуден басқа, термиялық жарақат салдары бар пациенттерді емдеу жүргізіледі. Тыртықтарды кесу көлемінде операциялық манипуляциялар, аутодермопластикамен тыртықтарды кесу орындалады.

Сондай-ақ, шұғыл және жоспарлы пациенттерге жасалатын хирургиялық араласуды - микрохирургиялық жабдықты және көпсалалы тәсілі бар білікті мамандардың болуын талап ететін тамырлы аяқшадағы тері жамылғысы бар тері мен жұмсақ тіндердің ақауларының пластикасын бөлек атап өтуге болады.

Теміртау қаласы маңында орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарының, сондай-ақ жоғары температура жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың санын ескере отырып, Теміртау қаласының көп бүйінді ауруханасы базасында комбустиологиялық қызметті дамыту өте өзекті болып табылады. Теміртау қаласы ауруханасының базасында ересектерге арналған 3 комбустиологиялық төсек-орын ұйымдастырылды.

Пациент Қарағанды облысының аумағында жоғары мамандандырылған емдеуді талап ететін термиялық жарақатқа байланысты жүгінген жағдайда, алғашқы көмек пациент жүгінген медициналық ұйымның базасында көрсетіледі.

Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ-тың (травматология және ортопедия бөлімшесі) клиникалық базасы болып табылады. Барлық медициналық кадрлар даярланған және сұралған жабдықта жұмыс тәжірибесі бар.

Комбустиология бөлімшесі 35 төсек-орынға есептелген, оның ішінде ересектер үшін - 32 және балалар үшін - 3. Бөлімшеде күйік, үсік, термиялық зақымдану салдары, терінің жарақаттан кейінгі кең ақаулары, тірек-қимыл жүйесінің іріңді-инфекциялық аурулары, жарақаттанудан және хирургиялық араласудан кейін дамыған инфекциялық асқынулары бар шұғыл және жоспарлы науқастарға тәулік бойы көмек көрсетіледі.

Бөлімшеде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың талаптары мен нормаларына сәйкес келетін 12 палата, таңу кабинеті, емшара кабинеті, сондай-ақ функционалдық үй-жайлар орналастырылған. Сонымен қатар, бөлімше аумағында термиялық жарақаты бар пациенттерге арналған 6 палатаға арналған қарқынды терапия блогы ашылды.

Науқастың комбустиология бөлімшесінде орташа болу уақыты 2022 жылдың ұқсас кезеңінде 0,7 төсек-күнге ұлғайды. Хирургиялық белсенділік көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 77%-дан 82%-ға дейін өсті. Төсек-күндерінің саны 10023-тен 10570-ке дейін өсті, төсек-орын айналымы 17,3-тен 17,0-ге дейін төмендеді, төсек-орын жұмысы 193-тен 203-ке дейін өсті. Жоспарлы науқастардың хирургиялық белсенділігі 97%-дан 99%-ға дейін өсті, шұғыл науқастардың хирургиялық белсенділігі 72%-дан 77%-ға дейін өсті. Төсек-орынның бос тұруы 8,5-тен 8,1-ге дейін азайды. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер күйік жарақаттары есебінен комбустиология бөлімшесіне жүктеменің артқанын айғақтайды.

ШЖҚ «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК базасында күйік жарақаты бар пациенттерді емдеу үшін консервативті емдеу әдістерін де, операциялық емдеу әдістерін де қамтитын кешенді тәсіл қолданылады. Комбустиология бөлімінде ШЖҚ «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК мамандары қолда бар жабдықтар көмегімен медициналық көмек көрсетеді: 2020 жылғы дерматом (тозуы 20%), 2011 жылғы күйікке қарсы кереует (тозуы 100%), 2013 жылғы ультрадыбыстық диссектор (тозуы 100%, жұмыс істемейді) және фибробронхоскоп (тозуы 66%). Ал Теміртау қаласының комбустиология бөлімінде мамандар 2022 жылғы күйікке қарсы кереует арқылы медициналық көмек көрсетеді (демеушілік көмек аясында сатып алынған).

Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы аурухана мен Теміртау қаласындағы аурухана базасында термиялық жарақат кезінде пациенттерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін, Қарағанды облысының тұрғындарына медициналық көмектің сапасы мен уақтылығын арттыру, жоғары технологиялық медициналық көмектің жақындауы Жоба шеңберінде мынадай жабдықтар сатып алынатын болады:

  1) дерматомалар;

  2) тері перфораторлары;

  3) сұйықтандыратын кереует;

  4) сараптамалық кластағы өкпені жасанды желдету аппараты;

  5) ультрадыбыстық диссектор;

  6) жарықтандырғышы бар мағдайға тағылатын лупа;

  7) жара жабындары;

  8) фибробронхоскоп.

Қарағанды облысының комбустиологиялық қызметі жұмысының жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерін назарға ала отырып, оны жаңғырту қажеттігі бар.


Күтілетін нәтижелер:

Күтілетін нәтижелер

Қарағанды облысы үшін комбустиологиялық қызметтің жоғары өзектілігін ескере отырып, заманауи жабдықтарды сатып алу және енгізу көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Термиялық жарақаттардан тәіккедейінгі өлім-жітімнің төмендеуі (0,2%-дан 0,1%-ға дейін).
  2. Операциядан кейінгі өлім-жітімнің төмендеуі (1,6%-дан 1,3%-ға дейін).
  3. Пациенттердің термиялық жарақаттан мүгедектік деңгейінің төмендеуі.
  4. Күйік жарақаты бар пациенттердің төсек тартуының орташа мерзімінің (11,5-тен 10,7-ге дейін) қысқаруы.
  5. Өңірдің кадрлық әлеуетінің біліктілігін арттыру және «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ студенттерінің дайындық деңгейін арттыру.

Жалпы денсаулық сақтау және атап айтқанда комбустиологиялық қызмет белгілі бір патологияларды, операциялық техника мен технологияларды, ауруларды емдеуде қолданылатын материалдарды емдеу тәсілдерін үнемі жетілдіруді талап ететін динамикалық дамып келе жатқан салалар болып табылады.


Жобаны іске асыру кезеңі:

2024-2025 жылдар.

Өңір - Қарағанды облысы: Қарағанды және Теміртау қалалары.


Жобаны іске асыру бойынша серіктестер

  • Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы;
  • ШЖҚ «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК;
  • ШЖҚ «Теміртау қаласының көп бейінді ауруханасы» КМК
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.