ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

QH Органдар трансплантациясын жүргізу үшін Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты органдарды жабдықпен қамтамасыз етуі

Жобаның мақсаты:

Жоба органдар трансплантациясын жүргізу үшін заманауи жабдықпен қамтамасыз ету, осы саладағы ел кадрларының құзыреттерін жетілдіру арқылы Қазақстан Республикасының тұрғындарына трансплантология саласында медициналық көмек көрсетуді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Жоба міндеттері:

  1) Елдегі пациенттердің өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру үшін органдарды трансплантациялау санын ұлғайту;

  2) Материалдық-техникалық базаны жақсарту арқылы трансплантациялау саласындағы ҰҒОО-ның (кәсіптік, ғылыми, білім беру) әлеуетін арттыру;

  3) Әртүрлі бейіндегі мамандардың (нефрология, гепатология және жалпы практика дәрігерлері) трансплантология және пациенттерді операциядан кейінгі жүргізу саласында ел өңірлерінің мамандарын даярлау жолымен өңірлерге технологиялар трансфертін жүргізу.


Жоба бюджеті:

617 788 582 теңге


Негізі

Бүгінгі таңда трансплантология науқастың өмірін сақтап қана қоймай, оның өмір сүру сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық медициналық көмектің барынша сұранысқа ие түрлерінің бірі болып табылады.

ҰҒОО 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының пациенттері үшін 549 бүйрек трансплантациясын, тірі және қайтыс болған донорлардан 87 бауыр трансплантациясын жасады. Соңғы 3 жылда ҰҒОО-да 116 бүйрек және 12 бауыр трансплантациясы жасалды.

ҰҒОО бүйрек трансплантациясы бойынша операциялардан кейін пациенттердің бір, үш және бес жылдық өміршеңдігі бойынша, сондай-ақ бауыр трансплантациясынан кейінгі орташа көрсеткіштер шегінде қанағаттанарлық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелерді көрсетуде (№2 қосымша).

ҰҒОО Қазақстан Республикасындағы еліміздің трансплантолог дәрігерлерін оқытуға және қайта даярлауға лицензиясы бар жалғыз орталық болып табылады.

Транспланттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіндегі жағдай бойынша бүйрек трансплантациясына кезекте 3 515 пациент, бауыр трансплантациясына – 170 пациент тұр.

Бүгінгі таңда ҰҒОО жоғарыда аталған жобаға қатысу үшін бірқатар артықшылықтарға ие:

  - органдарды трансплантациялауда 10 жылдан астамғы тәжірибе;

  - операцияларды жүргізудің бірегей техникасы бар, оның ішінде донор және әртүрлі қан топтары бар реципиент жұптары үшін трансплантолог-хирургтардың жоғары білікті штаты;

  - органдарды алу және трансплантациялау бойынша мамандардың (трансплантологтар, хирургтар, анестезиологтар, психологтар, кардиологтар, нефрологтар, гепатологтар, зертханашы дәрігерлер, сәулелік диагностика, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері, морфологтар, мейірбике ісі мамандары және кіші медициналық қызметкерлер) тұрақты және үйлесімді командасы;

  - халықаралық деңгейде бүйрек және бауыр трансплантациясынан кейін пациенттердің өміршеңдігінің жоғары көрсеткіштері.

 - 2010 жылы тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды;

 - 2012 жылы ҰҒОО-да Қазақстанда тұңғыш рет кадаврдан органдарды мультиорганды алуы өткізілді;

 - 2012 жылы кадаврдан бүйрек трансплантациясы жасалды;

 - 2013 жылы ҰҒОО-да Қазақстанда тұңғыш рет кадаврдан бауыр трансплантациясы жасалды;

 - 2013 жылы Қазақстанда тұңғыш рет бауырды педиатриялық трансплантациялау жасалды;

 - 2014 жылы тірі донордан бауыр трансплантациясы жасалды.

Бұл ретте ҰҒОО-ның бірқатар медициналық жабдықтары ескірген. Хирургиялық араласудың сапасын арттыратын, операция уақытын қысқартатын басқа жабдық жоқ.

ҰҒОО-да трансплантологиялық көмекті жетілдіру мақсатында медициналық жабдықтарды сатып алу:

  1. Пациенттің стационарда болған төсек-күндерінің санын азайтатын органдарды лапароскопиялық алуды енгізу арқылы мамандардың, ҰҒОО резиденттерінің және өңірлердің біліктілік деңгейін арттыруға;
  2. Елдегі пациенттердің өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыра отырып, органдарды трансплантациялау санын ұлғайтуға;
  3. Органдардың бірыңғай регистрінде (Күту парағында) адамдардың санын азайтуға;
  4. Халықаралық деңгейде Қазақстанның трансплантология деңгейін арттыру мақсатында шетелдік трансплантация орталықтары үшін шеберлік сыныптарын өткізу есебінен қазақстандық трансплантологтардың мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелер:

«QH – Ұлттық онкология ғылыми орталығын органдарды трансплантациялау үшін жабдықпен қамтамасыз ету» қайырымдылық жобасын іске асыру:

  1. Трансплантология саласындағы ҰҒОО мамандары мен резиденттерінің хирургиялық шеберлік біліктілігін 40 маман трансплантолог, нефролог, гепатолог дәрігерлер санында арттыруға;
  2. ҰҒОО материалдық техникалық жабдықталуын арттыру арқасында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға;

a) органдарды лапароскопиялық алуды енгізу арқылы донорлардың төсек-күндерінің санын 7-ден 5 күнге дейін азайтуға;

b) жыл сайын өткізілетін органдарды (бауыр, бүйрек) трансплантациялау санын 10%-ға ұлғайтуға;

c) аз инвазивті операцияларды жүргізу арқылы операциядан кейінгі асқынуларды кемінде 5%-ға азайтуға;

d) органдарды аз инвазивті лапароскопиялық алу санын 50%-ға көбейтуге;

e) органдарды ашық дәстүрлі алу санын 50%-ға азайтуға мұмкіндік береді.

    3. Органдарды трансплантациялаудан өткен пациенттерді операциядан кейінгі сүйемелдеу жөніндегі өңірлік мамандардың деңгейін арттыруға, нефрологтардың, гепатологтардың, жалпы практика дәрігерлерінің кемінде 30 дәрігерін оқытуға мүмкіндік береді.


Игілік алушылардың мақсатты тобы:

Бауыр мен бүйрек трансплантациясын қажет ететін адамдар Жобаның түпкілікті игілік алушылары болады.


Мерзімдері мен кезеңдері:

2024 жыл


Жобаны іске асыру бойынша серіктестер

  • ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.