«QH Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың онкологиялық қызметінің мамандарын оқыту» қайырымдылық жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 874 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарды» (бұдан әрі – Кешенді жоспар) іске асыруға Қордың қатысуы шеңберінде шетелде онкологиялық көмек мамандарын оқытуға бағытталған.
Жобаның мақсаты онкологиялық ауруларға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсету деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады.
Жоба міндеттері:
1) «ҰҒОО» ЖШС онкологиялық қызметінің мамандарын оқыту;
2) онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа әдістерін меңгеру;
3) онкологиялық аурулар бойынша шетелдік жұмыс тәжірибесін зерделеу.
Жоба шығыстарының сметасы 47 277 585 теңгені құрайды. Германия мен Жапонияда оқыту оқу орталықтарының есебінен өтелетін болады. Қор мамандардың ұшуы мен тұруына ақы төлейді.
Ескертпе: әлемдегі тұрақсыз сыртқы экономикалық жағдайға байланысты валюта бағамдарының ауытқуына немесе басқа факторларға байланысты Жобаның құны ұлғаю немесе кему жағына қарай өзгеруі мүмкін. Шығыстар 10%-дан астам ұлғайған жағдайда, Жоба бойынша шығыстар сметасы Қордың Қамқоршылық кеңесінің қайта қарауына жатады.
Қаржыландыру көзі: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының таза табысының 7%.
Халыққа сапалы онкологиялық көмек Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Халыққа онкологиялық көмекті жетілдіру және озық халықаралық практикаларға сәйкестік мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламада Кешенді жоспар бекітілді.
Онкологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы қатерлі ісіктердің ауыртпалығын азайту Кешенді жоспардың мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасында онкологиялық қызметті дамытудың маңыздылығын назарға ала отырып, Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімімен онкологиялық орталықтарды жарақтандыру, дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және мамандарды оқыту бөлігінде Кешенді жоспарды іске асыруға Қордың қатысуы мақұлданды.
Онкологиялық қызмет кадрларының біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру маңызды мәселе болып табылады.
Кешенді жоспар шеңберінде Қордың қатысуымен «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ, «University Medical Center» КҚ, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС мамандарының біліктілігін арттыру көзделген.
Осы жоба шеңберінде «ҰҒОО» ЖШС мамандарын шетелде оқыту жоспарланған.
«ҰҒОО» ЖШС-нің басты миссиясы тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес қатерлі ісіктердің алдын алудың, ерте диагностикалаудың және емдеудің жоғары технологиялық әдістеріне қолжетімділікті арттыру арқылы онкологиялық аурулардан болатын өлімді азайту болып табылады.
2024 жылдың соңына дейін ең озық медициналық жабдықтармен жарақтандырылған «ҰҒОО» ЖШС жаңа корпустарын ашу жоспарланған, ал протонды және ядролық медицина орталықтары елімізде алғаш рет ашылмақ.
Диагностика мен емдеудің жоғары мамандандырылған әдістері қолданылады: протон, сәулелік, радионуклидтік терапия. Онкологиялық ауруларды ерте анықтау және емдеу мақсатында жылына «ҰҒОО» ЖШС ядролық медицина орталығының базасында өндірілетін радионуклидті фармацевтикалық препараттарды қолдана отырып, шамамен 10 000 диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарланған.
Сәулелік терапия орталығы 4 жоғары энергиялы желілік үдеткіштермен, онкологиялық аурулардың көптеген түрлерінде, әсіресе сүт безі ісіктерінде, проктологиялық және гинекологиялық ісіктерде (РБ есебінен) қолданылатын жанаспалы сәулелік терапияға арналған 1 брахитерапия аппараттарымен жабдықталады. Осы технологияларды қолдану жүргізілетін емдеу әдістерінің инвазивтілігін төмендетеді, әдеттегі өмір салтын сақтауға мүмкіндік береді, пациенттердің өмір сүру ұзақтығын арттырады. Орталық жылына 4 000-ға жуық пациентті қабылдайтын болады.
«ҰҒОО» ЖШС жаңа орталығында тәулік бойғы 210 төсек-орынға шақталған стационар, оның ішінде 70 онкогематология төсек-орын; күндізгі 150 орындық амбулаториялық терапия орталығы; ауысымына 500 келушіге арналған емхана болады деп жоспарланған.
Жоғарыда аталған орталықтарды құру – бұл әртүрлі бейіндегі (клиникалық және техникалық) оқытылған штатты қажет ететін кешенді іс-шара.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты онкологиялық ауруларды емдеудің және диагностикалаудың озық әдістемелеріне мамандарды ерте сатыларда оқыту қажеттілігі туындайды, бұл қатерлі ісіктің күрделі түрлерін және оның қайталануын емдеу әдістерін жақсартады және жүйелейді, сондай-ақ пациенттерді іріктеу мен операция техникасын, сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңде оңалту түрлерін жүргізуге ықпал етеді.
Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша шетелде «ҰҒОО» ЖШС-нің 14 маманы (оның ішінде хирургия бойынша 4 маман (асқазан және өңеш қатерлі ісігі), 3 маман онкогематолог, КДЗ-ның 3 маманы, 2 маман остеонколог, 2 маман онкогинеколог) оқытылады.
Оқуды аяқтағаннан кейін «ҰҒОО» ЖШС шеберлік-класстары, семинарлар және т.б. ұйымдастыру арқылы басқа мамандарға (оның ішінде өңірлерге) тәжірибе мен алған білім мен дағдыларды беру жоспарын жасайды, бұл халықтың сапалы жоғары технологиялық мамандандырылған онкологиялық көмекке қолжетімділігін арттырады.
«ҰҒОО» ЖШС алған білімдерінің негізінде клиникалық хаттамаларды және емдеудің стандартты жедел рәсімдерін жаңарту және бейімдеу, оқыту барысында алынған жаңа әдістер мен тәсілдерді интеграциялау бойынша ұсынымдар енгізу жоспарланған. Бұл медициналық көмектің өзектілігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, Жобаны іске асыру қорытындылары бойынша ел ішінде сапалы онкологиялық көмек көрсету қызметтеріне қолжетімділікті арттыру есебінен онкологиялық пациенттердің шетелге кетуін азайту жоспарланған.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы онкологиялық пациенттердің өміршеңдігінің жақсаруын білдіреді.
Онкологиялық аурулары бар пациенттер Жобаның түпкілікті игілік алушылары болып табылады.
Жобаны іске асыру кезеңі - 2024 - 2025 ж.