Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 874 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарды» іске асыруға Қордың қатысуы шеңберінде шетелде онкологиялық көмек мамандарын оқытуға бағытталған
Қазақстан Республикасының халқына радиологиялық және онкологиялық көмек көрсету деңгейі мен сапасын арттыру Жобаның мақсаты болып табылады.
Жоба міндеттері:
1) «ҚОРҒЗИ» АҚ онкологиялық қызметінің мамандарын оқыту;
2) онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи әдістерін меңгеру;
3) онкологиялық аурулар бойынша шетелдік жұмыс тәжірибесін зерделеу.
Жобаның болжамды шығыстарының сметасы 39 591 645 теңгені құрайды. Ескертпе: әлемдегі тұрақсыз сыртқы экономикалық жағдайға байланысты валюта бағамдарының ауытқуына немесе басқа факторларға байланысты Жобаның құны ұлғаю немесе кему жағына қарай өзгеруі мүмкін.
Шығыстар 10%-дан астам ұлғайған жағдайда, Жоба бойынша шығыстар сметасы Қордың Қамқоршылық кеңесінің қайта қарауына жатады.
Қаржыландыру көзі: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының таза табысының 7%.
Халыққа сапалы онкологиялық көмек Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Халыққа онкологиялық көмекті жетілдіру және озық халықаралық практикаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламада Кешенді жоспар бекітілді.
Онкологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы қатерлі ісіктердің ауыртпалығын азайту Кешенді жоспардың мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасында онкологиялық қызметті дамытудың маңыздылығын назарға ала отырып, Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімімен онкологиялық орталықтарды жарақтандыру, дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және мамандарды оқыту бөлігінде Кешенді жоспарды іске асыруға Қордың қатысуы мақұлданды.
Онкологиялық қызмет кадрларының біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру маңызды мәселе болып табылады.
Кешенді жоспар шеңберінде Қордың қатысуымен «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ, «University Medical Center» КҚ, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС мамандарының біліктілігін арттыру көзделген.
Жоба шеңберінде «ҚОРҒЗИ» АҚ мамандарын шетелде оқыту жоспарланған.
Онкологиялық аурулармен күресте қажетті бағыттардың бірі хирургиялық емдеу мен диагностиканың, сәулелік терапияның жоғары технологиялық әдістерін қолдану, пластикалық хирургияның жаңа принциптерін қолдану болып табылады.
Хирургиялық көмектің жүргізілетін аз инвазивті әдістерінің тиімділігін арттыру, сәулелік терапиядан кейін пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту, көпсалалы топ шеңберінде реанимациялық көмекті ұйымдастыру үшін «ҚОРҒЗИ» АҚ бірқатар мамандарын оқыту жоспарланып отыр.
Онкологиялық аурулары бар пациенттер Жобаның түпкілікті игілік алушылары болып табылады.
Жобаны іске асыру кезеңі 2024-2025 жылдар.