Дене шынықтыру-сауықтыру кешені спорт және дене шынықтыру (жекпе-жек, командалық спорт түрлері, үстел теннисі, шахмат және т.б.) үшін қажетті жағдайлардың қолжетімділігін арттыру арқылы халықтың спорттық, зияткерлік және рухани дамуы үшін, сондай-ақ Қызылорда қаласының және бүкіл облыстың балаларын, жастары мен ересек тұрғындарын шоғырландыру орындары үшін қажет.
Тапсырмалар:
Қайырымдылық жобасы Қамқоршылық кеңестің 2024 жылғы 26 наурыздағы (№54 хаттама) шешімімен бекітілген 2022 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры (бұдан әрі - Қор) мен Қызылорда облысы әкімдігі (бұдан әрі - Әкімдік) арасындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы Меморандумның 3-бабының 1.2-тармағына сәйкес «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық көмек көрсету қағидалары шеңберінде әзірленді.
2 314 007 583 теңге
Қызылорда облысы әкімінің хатынан алынған мәліметтерге (26.03.2025 жылғы № шығ. 02-3/1777-И) сәйкес, өңірде спорт ғимараттарының тапшылығы байқалады. Қызылорда қаласы өңірдегі ең ірі қала болып табылады, халықтың табиғи өсуі республика бойынша орташа көрсеткіштерден жоғары, бұл ретте жастардың үлес салмағының көрсеткіші (35 жасқа дейін) Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Қызылорда қаласының халық саны 362 279 адамды құрайды, оның ішінде 35 жасқа дейінгі жастар – 191 408 адам (53%). Қазіргі уақытта осы жасқа дейінгі 83 757 жас дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Бұл көрсеткіш барлық жастардың 43,7% құрайды.
Қызылорда қаласының бас жоспарының шешімдерін іске асыру мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі қаланы жаңа аумақтарға салу және Қызылорда қаласының Сол жағалау бөлігін игеруді бастау туралы шешім қабылдады.
Облыс орталығының сол жағалауы аумақтарын қала құрылысын дамыту мәселелерін шешу үшін 2013-2014 жылдары 1532,0 га аумақты инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, сол жағалау – бұл Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында заманауи қызмет көрсету орталығы бар жаңа қала. Қызылорда қаласы тұрғындарының жайлы тұруы үшін қажетті сауда-ойын-сауық, спорт, мәдени-ағарту, тұрғын үй және басқа да аймақтарды құру жоспарлануда.
Сол жағалаудағы жаңа қала-1532 га жалпы аумақ, оның ішінде 367 га рекреациялық аймақтарға, 537 га тұрғын үйге, 190 га сауда және кеңсе ғимараттарына, 270 га әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне бөлінген.
Сол жағалауда 2016 жылы Мұратбаев көшесіндегі жаңа көпір салынып, пайдалануға берілді. Бұл көпір қаланың ескі бөлігін сол жағалаудың жаңа аумағымен және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық трассасымен байланыстыруға мүмкіндік берді.
2017 жылы аумақты игерудің басталуымен инженерлік инфрақұрылым мен сол жағалау көше-жол желісінің құрылысы, сондай-ақ 14 көпқабатты тұрғын үй, 320 орындық балабақша, «Жастар орталығы» ғимараты мен «ҚазЦИК» музейінің құрылысы басталды, бұдан басқа «болашақ»университетінің Жеке білім беру кампусының құрылысы басталды.
Бұдан басқа, «Сол жағалау» перспективалы шағын ауданының дамуына байланысты Сырдария өзенінің бөгетін нығайту жұмыстары басталды, онда жұмыс нәтижелері бойынша ұзындығы - 7,6 км болатын бөгет - жол салынды
Қазіргі уақытта Сол жағалау қарқынды салынуда, теннис орталығы, қан орталығы, 350 орындық оқушылар сарайы, үстел теннисі орталығы, «Орда» жеке мектебі, сауда орталықтары мен клиника сияқты әлеуметтік және коммерциялық нысандар іске қосылды. Сол жағалау тұрғындарының игілігі үшін жалпы ауданы 360 мың шаршы метрден асатын, қазіргі уақытта 22,0 мыңнан астам адам тұратын 95 тұрғын үй жандандырылып, қолданысқа енгізілді.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта 400 орындық дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты, музыка колледжі, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, онкологиялық бөлімшесі бар облыстық көпсалалы аурухана, 11000 мың орындық жаңа стадион, әлеуметтік тұрғын үй, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынуда.
Мәселен, қаланың ірі спорттық нысандары Қызылорда қаласының «Ғани Мұратбаев атындағы Стадион» Орталық стадионы («Қайсар» КПЛ футбол клубының стадионы), «Үстел теннисі орталығы» болып табылады, онда үстел теннисіне арналған 16 корты бар ойын алаңы, 350 көрермен орны, тренажер залы және әкімшілік үй-жайлар және т.б.
ДШСК салу және іске қосу үшін Қызылорда қаласын таңдау бірқатар факторларға байланысты болды:
1) Қызылорда қаласының аумағында жер учаскесінің болуы (Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сол Жағалау ы\а. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 10:156:086:839, ауданы – 0.6000 га, нысаналы мақсаты – Сырдария өзенінің сол жағалауында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін.
2) 2025 жылы жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына сараптама әзірленіп, жүргізілді, 29.01.2025 жылғы №ПЭК-0111/25 сараптаманың оң қорытындысы алынды.
3) 30 адамнан тұратын толыққанды жұмыс үшін қызметкерлер құрамы.
Қызылорда облысының әкімдігі халықты, әсіресе балалар мен жастарды кеңінен қамту, оларды Қызылорда қаласында ДШСК іске қосылғаннан кейін ойын спорт түрлерімен айналысуға тарту бойынша міндеттеме алады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда ең танымал спорт түрлері футбол, волейбол және баскетбол болып табылады. Жалпы алғанда, олармен 2,39 миллион азамат айналысады, олардың жартысынан азы (1,063 миллион) футболға қатысады. 375 мың азамат жекпе-жектің танымал түрлерімен (бокс, дзюдо, еркін күрес) айналысады, бұл волейболдан екі есе аз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 251 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес, бұқаралық спортты халық арасында танымал ету салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Бұқаралық спорттың жеткіліксіз дамуының негізгі себептерінің бірі спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігі немесе тозуы болып табылады. Осы жылдар ішінде мемлекет өңірлердегі дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасының жай-күйіне тиісті түрде назар аудармады, объектілерді түгендеу жүргізілмеді, спорттық мүкәммалды жаңартуға қаражат бөлінбеді.
Сондай-ақ, республика бойынша 2022 жылдың қорытындысы бойынша есептелетін 43071 спорт ғимаратының 27732 нысаны немесе 64,3%-ы білім беру мекемелері мен спорт мектептерінің спорт объектілері болып табылатынын, оларға өзге азаматтар, бірінші кезекте ересек тұрғындардың қолжетімділігі шектеулі екенін ескеру қажет. Осылайша, қалалық жерлерде спорттық инфрақұрылымның нақты жағдайы күрделірек.
Мәдениет және спорт министрлігінің әдістемесіне сәйкес, ең төменгі стандарт 1581200,3 ш.м болса, ел бойынша спорт залдарындағы тапшылық 448428,4 ш.м-ден асады және бұл тек ең төменгі стандартқа қол жеткізу мәселесі.
Ағымдағы жай-күйі: Қызылорда облысында дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін 2024 жылы 1494 бірлік спорт ғимараттары бар, оның ішінде дене шынықтыру-спорттық маңызы бар объектілер (ДШСМ) - 415, білім беру ұйымдары (БҰ) – 1007, спорт мектептері (СМ) - 72 (оның ішінде ауылдық жерлерде - 903, жеке меншік – 25).
Оның ішінде: 12 стадион, 51 спорт кешені, 2 спорт манежі, 1 есу орынжайы, 12 атқыштар тирі, 1 хоккей корты, 1390 жазықтық құрылым, 13 теннис корты, 3 ипподром, 9 жүзу бассейні. 756 спорт залы (292 аралас спорт залы) жұмыс істейді.
Қызылорда облысында 2024 жылы «Халықты 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» көрсеткіші 46,2% құрады (жалпы білім беру мекемелерінің спорт залдарынсыз дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы спорт залдарының жалпы ауданы-51652,1 ш.м; қажеттілік-67631,28 ш.м., өңір бойынша спорт залдарының тапшылығы – 15979,1 ш.м.).
Қызылорда қаласының халқы:
2025 жылғы сәуір-желтоқсан
24.11.2025 ж. гранит төсеу және әрлеу жұмыстары жүргізілуде, бейнебақылау орнатылуда
01.11.2025 ж. қабырғаларды безендіру, гипсакартонмен қаптау, ішкі электролийлерді монтаждау жұмыстары жалғасуда
Ауа баптауға және желдетуге арналған жабдықтарды әкелу жүзеге асырылады.
03-05.09.2025 ж. Аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ғимаратты әрлеу жұмыстары жүргізіледі, витраждар, желдету және ішкі электриктер орнатылады