2025-2026 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарын беру

«Қазақстан халқына» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы шешімімен «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2025-2026 жылдары Қор халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан талапкерлерге білім беру гранттарын ұсынады, олардың саны Қор Басқармасының шешімімен айқындалады және қолжетімді қаржыландыру көлеміне қарай қалыптастырылады.

"Қазақстан халқына" Қоғамдық Қоры 2025-2026 оқу жылына 500 грант бекітілгенін хабарлайды.

Грант беру мыналарды көздейді:

1) барлық күндізгі оқу кезеңіне «бакалавр» дәрежесін бере отырып, жоғары білімге өтеусіз төлемді;

2) шәкіртақы төлеу – жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, білім алушыға 10 ай (жыл сайын) ішінде тамақтануға, тұруға және оқу әдебиеттерін сатып алуға жұмсалған шығыстарды ішінара жабу үшін берілетін ай сайынғы ақша сомасы.

1 білім алушыға арналған гранттың мөлшері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) дайындық бағыты мен ерекшелігіне байланысты айқындалады, бірақ 1 млн теңгеден аспауға тиіс. Шәкіртақы мөлшері айына 40 мың теңгені құрайды.

Жоғары білімі бар тұлғаның, сондай-ақ екінші жоғары білім алуға және онлайн-оқуға республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен «бакалавр» дәрежесін бере отырып, жоғары білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру гранты берілген тұлғаның Грант алуына жол берілмейді.

Бағдарламаның қатысушылары мен серіктестерін іріктеу өлшемшарттары

Грант ізденушілер Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады:

1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан;

2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) мүгедектігі бар тұлғалар;

4) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан тұлғалар (18 жасқа дейінгі балалар);

5) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар уақытында қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

6) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар уақытында жараланған балалар.

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы - 29 жас қоса алғанда.

Білім беру гранты үшінші тұлғаға беру құқығынсыз атаулы болып табылады, бір рет беріледі.

Гранттар жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары білім беру ұйымдарының тізбесіне кірген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ), сондай-ақ шетел жоғары оқу орындарының филиалдарында тек қана күндізгі оқуға (онлайн-оқуға жол берілмейді) талапкерлерге жыл сайын беріледі.

Грант студентті өз қалауы бойынша, академиялық үлгерімсіздігі бойынша оқудан шығарған жағдайларда, студентті оқу жылына қайта қалдырған кезде, сондай-ақ Грант иеленушінің Бағдарламаға қатысушыларға тиесілігін растайтын күмәнді ақпарат және/немесе күмәнді құжаттар ұсынылған жағдайда, оның ішінде, республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен «бакалавр» дәрежесін бере отырып, жоғары білім алуға ақы төлеу үшін берілген мемлекеттік білім беру гранты туралы куәліктің болуы туралы ақпарат анықталған кезде тоқтатылады.

Бағдарламаның жаңа редакциясында басқа Білім беру бағдарламасына және басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстыру көзделмеген.

Білім беру гранттары жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары білім беру ұйымдарының тізбесіне кірген ЖЖОКБҰ-да күндізгі оқуда бакалавриат бағдарламалары бойынша беріледі.

Бағдарламаны іске асыруға қатысатын ЖЖОКБҰ тізімі және ЖЖОКБҰ бойынша бөлінетін гранттар саны Қор Басқармасының шешімімен айқындалады.

ЖЖОКБҰ тізімі және ЖЖОКБҰ бойынша гранттар саны

Грант беру үшін үміткерлердің тізімін ЖЖОКБҰ/Филиал ағымдағы күнтізбелік жылы ҰБТ-дан (Филиалдан басқа) өткен және оның нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажетті өту ұпайын (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) жинаған талапкерлер қатарынан қалыптастырады және ЖЖОКБҰ немесе Филиалдың конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы ретінде төмендегі құжаттарды қоса бере отырып ресімделеді:

1) «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру грантын беруге үміткердің растау өтінім-сауалнамасы;

2) «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру грантын беруге үміткердің келісім-хаты;

3) үміткердің «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасына қатысушы санатына жататынын растайтын құжаттар;

4) ЖЖОКБҰ/Филиалдың конкурстық комиссиясын құру туралы бұйрықтың көшірмесі.

2025-2026 оқу жылына арналған іске асыру жоспары:

ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларының талапкерлерден өтінімдерді қабылдауы

1-17 тамыз

Қорға ЖЖОКБҰ конкурстық комиссияларының шешімдерін және барлық растайтын құжаттарды ұсыну

22 тамызға дейін

Грант беру мәселесі бойынша Қор Басқармасының отырысы

8 қыркүйек

Қордың сайтында «Қазақстан халқына» білім беру гранты иегерлерінің тізімін орналастыру

11 қыркүйекке дейін

Шарттар жасасу: «Корпоративтік қор-ЖЖОКБҰ-студент»

қыркүйек-қараша

Білім беру гранттары мен шәкіртақыларын төлеу

қыркүйек-қараша

 

 

 

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.