«Қазақстан халқына» қоры мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен аудандарда 100 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойды

Меморандум қайырымдылық мақсатта  100 тұрғын үй құрылысын салуға қол жеткізу үшін бірлескен тәсілдерді, тараптардың жауапкершілігі мен функцияларын бөлуді анықтайды.

Басты міндет – дайын инженерлік инфрақұрылымы мен коммуникациялары бар «Солнечный – 2» шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарының барлық көлемін құжаттамалық тұрғыда қамтамасыз ете отырып, ашықтықты сақтай отырып, қажетті процедураларды қысқа мерзімде бастап жүргізуді көздейді.

Су басқан аймақтарында жергілікті атқарушы органдар келтірілген залалды бағалауды және құрылысқа қажетті қорытындыларды дайындауды, оның ішінде болашақта су басу қаупі жоқ жерлерде жаңа үйлер үшін жер телімдерін бөлуді қамтамасыз етеді.

Тұрғын үйлерді тексеру, техникалық инспекциялау жөніндегі жұмыс тобының шығулары нысандардың жай-күйін фото және бейне тіркеумен сүйемелденуге тиіс.

Құрылыс жұмыстарының көлемі мен объектілер тізбесі айқындалғаннан кейін үлгілік жобалау-сметалық құжаттаманы өңірлік "байланыстыру", түсіндіру жұмыстарын және үлгілік жобаны зардап шеккен тұрғындармен келісуді қоса алғанда, ҚР заңнамасында көзделген кешенді сараптама және басқа да рұқсат беру құжаттамасын алу жүзеге асырылады.

Облыс әкімдігі құрылыс салушы компанияларды, оның ішінде авторлық және техникалық қадағалау бойынша қызмет көрсетушілерді іріктеу рәсімін қамтамасыз етеді.

Барлық кезеңдердің ашықтығы мен мониторингі үшін облыс әкімдігінің жұмыс тобына ЖАО, тәуелсіз сараптамалық (бағалау) құрылымдарының өкілдерімен қатар қоғамдық ұйымдарды қосу ұсынылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қордың Қамқоршылық кеңесі үйлердің құрылысына 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекіткен болатын. Қосымша, бұл мақсатқа 1-30 сәуір аралығында жиналған ерікті қайырымдылықтардан түскен қаражат бағытталатын болады. Биылғы жылдың 24 сәуірдегі көрсеткіш бойынша Қордың шоттарына 2,9 млрд теңге түсті.

Сіз қиын өмірлік жағдайға тап болдыңыз ба?

Өтінім қалдырыңыз, Қор Сізге көмек көрсету мүмкіндігін табуға тырысады
© Социальный фонд «Қазақстан халқына»
С помощью Дизайн десант.
© «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры
Дизайн десант көмегімен.